Гейдар Алирзаоглы Алиевті еске алуға арналған шара өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Азербайжан тарихы мен мәдениеті орталығында «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Гейдар Алирзаоглы Алиевті еске алуға арналған шара өтті. Биыл ірі саясаткер, әлемдік деңгейдегі қайраткер Гейдар Алиевтің туғанына 95 жыл толып отыр. Әзербайжан халқының ғана емес, жалпы түркі әлемінің бетке ұстар азаматына айналған Гейдар Алиев енді бой көтеріп келе жатқан тәуелсіз Әзербайжан Республикасы 1990-1993 жылдары аса ауыр саяси дағдарысқа душар болған кезде мемлекетті сол қиындықтардан алып шыққаны баршаға мәлім. Ол Отанының тәуелсіздігін нығайтып, оны дамудың даңғыл жолына салып кетті. Сондықтан бүгінгі шара барысында сөз алған «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльдар Ахмедов, Ақтау қаласынан арнайы келген Әзербайжан Республикасының Бас консулы Зейналов Эльхам, Орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының төрағасы Владимир Заверткин және «Новруз» әзірбайжан этно мәдени бірлестігінің мүшелері Әзербайжан халқының біртуар ұлы Гейдар Алирза оглы Алиевтің өмір жолынан, мемлекет игілігі үшін жасаған игі істерінен естеліктер келтіріп, бейнефильм ұсынды.
Сондай-ақ, көршілес екі елдің білім мен ғылым саласындағы байланыстарын нығайту, достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында жыл сайын Әзербайжан Республикасының Тұңғыш Президенті Гейдар Алиевтің туған күні қарсаңында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетініңбес студентіне Гейдар Алиев атындағы халықаралық шәкіртақы мен сертификат тағайындалады. Биылғы оқу жылында да әр ұлт өкілдері студенттерінің рухани дамуына ықпал етіп отырған Азербайжан тарихы мен мәдениетіорталығында2011жылданбері дәстүрге айналған шара жалғасын тауып, аталмыш оқу орнының 5 студенті Гейдар Алиев атындағы халықаралық шәкіртақы мен сертификатқа ие болды.
Шараға «Қоғамдық келісім» КММ-сінің өкілдері, «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшелері, Ақтау қаласындағы Әзербайжан Республикасының Бас консулы Зейналов Эльхам, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері және Бақ өкілдері қатысты.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі