Географиялық нұсқаманы пайдалану құқығы

Географиялық нұсқамалар – зияткерлік меншіктің жаңа, бірегей бөлігі болып табылады. «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңға сәйкес, географиялық нұсқамалар – бұл географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін, оны өндірудің кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс. Белгі тек белгілі бір аумаққа қатысты өнімнің шыққан жерін көрсететін болса ғана географиялық нұсқаманың қызметін атқара алады.

Географиялық нұсқамаға берілген құқық оның иелеріне өнімдері қолданыстағы стандарттарға сәйкес келмейтін үшінші тұлғалардың географиялық нұсқаманы пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Алайда қорғалатын географиялық нұсқама өз иесiне осы нұсқамаға арналған стандарттарда белгіленген технологияны пайдалана отырып, басқа тұлғалардың оған ұқсас өнiмдердi өндiруiне тыйым салу құқығын бермейдi. Әдетте, географиялық нұсқаманы қорғау нұсқама қызметін атқаратын белгіге құқықтарды алуға негізделеді.

Географиялық нұсқама әдетте ауыл шаруашылығы өнімдеріне, тамақ өнімдеріне, шараптар мен спирттік ішімдіктерге, қолөнер мен өнеркәсіп өнімдеріне қолданылады.

Тауар шығарылған жердің атауына қарағанда, негізінен географиялық нұсқама осы зияткерлік меншік объектісінің болашағына әсер ететін бірқатар артықшылықтарға ие. Осылайша белгіні географиялық нұсқама ретінде тіркеу үшін тауардың ерекше қасиеттері болмауы мүмкін, ал өтініш беруші негізінен географиялық аймақтың табиғи жағдайларымен және (немесе) адами факторларымен анықталатын ерекше қасиеттерді дәлелдеуге міндетті емес. Сонымен қатар географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің барлық кезеңдері жүргізілмеуі керек, бір ғана кезең жеткілікті. Қорғанысқа тек ауызша емес, біріктірілген белгілер (бейнелі, ауызша, әріптік және тағы басқа) жатады. Осы артықшылықтардың барлығы жалпы алғанда өтініш берушілер үшін икемді қорғаныс талаптарын қамтамасыз етеді.

Заң шығарушы географиялық нұсқама ретінде тіркеуге болмайтын белгілердің тізімін анықтады:

– тауардың өндірілген орнына қатысты жаңылысуға алып келуі мүмкін географиялық объектілердің атауын қамтитын, шартты түрде нақты тауардың өндірілетін орнын көрсететін, бірақ тауардың басқа аумақта шығатыны туралы жалған түсінік беретін, тауардың өндірілу орнымен байланысы жоқ географиялық объектілер атауларын қамтитын географиялық белгілерді тіркеуге жол берілмейді;

– географиялық нұсқама ретінде географиялық объектінің атауын білдіретін және қамтитын, бірақ Қазақстан Республикасында оны өндіру орнымен байланысты емес, белгілі түрдегі тауардың белгісі ретінде жалпы қолданысқа енгенімен танылмайды. Яғни, біз тұтынушы үшін тауардың нақты шыққан жерінің белгісі болу мүмкіндігін жоғалтқан және оның ерекше қасиеттерін көрсететін белгі туралы айтып отырмыз. Бұл, әдетте, географиялық белгінің кеңінен қолданылуына байланысты болады, бұл іс жүзінде өндіріс орнының географиялық атаумен байланысты жоғалтуына әкеп соғады.

Географиялық нұсқау мен тауар шығарылған жердің атауының тауар таңбаларынан ерекшелігі, географиялық нұсқама құқығын иеленушілер, кімге болмасын географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын бере алмайды және пайдалану құқығын беретін лицензияны ұсына алмайды. Географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын алу үшін алдымен сараптама ұйымына өтініш беру қажет. Тіркеуден кейін географиялық нұсқаманың құқық иеленушісі оны пайдаланудың айрықша құқығына ие болады, ол географиялық нұсқаманың мемлекеттік тізілімінде үзінді көшірмемен куәландырылады. Географиялық нұсқаманың тіркеу мерзімі тауардың белгілі бір сапасы, беделі немесе басқа да сипаттамалары сақталған жағдайда және олардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысы болса мерзімсіз әрекет етеді;

Географиялық нұсқаманы пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтінім берген күннен бастап он жыл бойы жарамды.

Ерлан БАЙМОЛДАЕВ,

Жамбыл облыстық әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы.