Германия елшісі Гидо Херц Маңғыстауға неге келді?
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ҚР-дағы Германия Федеративті Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Гидо Херцпен кездесті. Кездесу барысында Маңғыстау өңірінің әкімі елші мырзаға Маңғыстау облысы мен Германия кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесі үшін, сондай-ақ, білім мен мәдениет саласындағы өзара қарым-қатынасты бекіткені үшін алғыс айтты.
— Менің Қазақстандағы міндетім аяқталды. Бүгін ел экономикасының тірегі — батыс өңірімен қоштасқалы тұрмын. Мұнда халықаралық логистиканы дамытуға көптеген мүмкіндіктер бар. Маңғыстау — Ұлы Жібек жолы жобасының маңызды тармағы. Маңғыстау облысы мен Германия кәсіпорындары арасындағы логистика мен мұнай жабдықтарын жеткізу салаларындағы достық әріптестік қатынас одан әрі дамитынына және беки түсетініне сенімдімін, — деп атап өтті Гидо Херц.
Жастарға қандай қолдау бар?
Ақтауда жастар кәсіпкерлігіне мемлекеттік қолдау көрсету және жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерін жою жөнінде кездесу өтті. «Атамекен» ҰКП-да өткен шараға Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы , «Атамекен» ҰКП МОФ басшысы, «Жаңа серпін» КММ директоры, Маңғыстау облыстық кәсіподақ орталығының директоры, қалалар мен аудандардың жас кәсіпкерлері, облыстық жастар ресурстық орталығының ди- ректоры, Маңғыстау облыстық жас кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы мен мүшелері қатысты.
Шараның мақсаты — жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту.
Кеңес жұмысының күн тәртібінде тұрған келесі мәселелер қозғалды: «Атамекен» ҰКП қызметі туралы, «Атамекен» ҰКП МОФ директорының м.а. О. Қаржауов Маңғыстау об- лысы бойынша кәсіпкерлерге сер- вистік қызмет көрсету саласын дамыту туралы айтса, «Атамекен» ҰКП МОФ қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Ү. Мендалиева Маңғыстау о б л ы с т ы қ кәсіпкерлерге қ ы з м е т көрсету орталығы мен «Шағын қаржы ұйымы» ЖШС қызметі туралы баяндады. Ал «Маңғыстау» КҚКО ЖШС директоры А.Исмайыл «Жаңа серпін» бағдарламасының мақсат- міндеттеріне тоқталды. «Жаңа серпін орталығы» КММ директоры Қ.Рысбаев Маңғыстау облыстық жас кәсіпкерлер ассоциациясы мен «Жұмыс Ақтауда» жобасын түсіндіріп өтті. Ал Маңғыстау облыстық жас кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы және «Жұмыс Ақтауда» жобасының авто- ры Р.Бекмұхамбетов жұмыс іздеген жастар мен жұмыс берушілер тақырыбын қозғап, баяндама жасады. Кездесу барысында Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Нұрдәулетов іс-шараның маңыздылығын атап өтіп:
— Отандық кәсіпкерлерді қолдау «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңында, 2020 жылға дейінгі мем- лекеттік жастар саясаты Тұжырымдамасында және мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын- да, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында айқын көрсетілген. Тек кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, бизнеске оңтайлы жағдай туғызу да міндеттелген. Бүгінгі таңда жастардың кәсіпкерлікке бетбұрысы ерекше байқалады. Мені қуантатын жәйт та осы. Өз жұмысын бастаймын деген жасқа қазіргі таңда көптеген жеңілдіктер бар, — деді. Кеңестегі мәселелер толықтай қаралып, талқыланып, тиісті ұсыныстар енгізілді. Маңғыстау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының мамандары мұндай шараның алдағы уақытта тағы да жалғасын табатынын мәлімдеді.
Жүгері күртік жедің бе, балық көже іштің бе?
Жуырда Ақтауда ұлттық киімдер көрмесі өтті. Шара ұйымдастырушысы — Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі.
Көрменің ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева қатысып, жұртшылықты құттықтады.
— Біздің өлкеде барлық этнос өкілдері бірлік пен келісім ынтымақ пен татулықта өмір сүріп жатыр. Біз оған шын жүректен қуаныштымыз. «Қазақстан — жүз отыздан астам ұлтты бір шаңырақ астында біріктіріп, татулықта өмір сүріп отырған мемлекеттердің бірі. Елімізде тұрып жатқан ұлттардың ана тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтауға, ары қарай өркендетуге толықтай мүмкіндік берілген. Барлық этностарға Ата Заң негізінде білім алып, еңбек етіп, әр түрлі салаларда табыстарға қол жеткізу үшін жағдай жасалған. Қазақстанның азаматтығын алғандарға заң алдында тең құқық қарастырылды. Қазіргі күні көк байрағымыздың астын- да 130-дан астам ұлт өкілдерінің тыныштықта өмір сүруі — жалпы халыққа ортақ, тең дәрежелі көзқарастың дұрыстығы» деп, Елбасымыз айтқан болатын. Бұл Елбасымыздың көреген саясатының арқасы деп білемін, — деді Б.Нұрғазиева.
Өзге ұлт өкілдерінің басын бір арнаға ұйыстырған шараға Маңғыстау облысындағы 20 этномәдени бірлестік қатысты. Көрмеде түрлі ұлттың 50-ден аса ұлттық нақыштағы киімдері мен тағамдары қойылды.
«Біздің мақсат — өз ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын паш ету. Көрмеге қарақалпақ ұлтының жүгері күртік, балық көжесін алып келдік. Бұл тағамдар басқа ұлтта жоқ. Тек бізде ғана бар. Сонымен қатар, енді тұрмысқа шығып жатқан қыздың киімін де қойдық. Тағылымы мол осын- дай шараларға жиі қатысып тұрамыз», — дейді «Аллаяр жолы» қарақалпақ этномәдени бірлестігінің өкілі Бахадүр Құрбаниязов. Көрмені тамашалауға келген адамдардың санында шек болмады.
6 адам 1 жылда 2000 көйлек тіккен
Ақтауда болашақ аналардың киімін тігетін цехтың жұмысы қарқынды. Жас кәсіпкер Әсел Жекенова мемлекет қолдауының арқасында цех өндірісін жолға қойып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкерлік және дизайнерлік қызметті қатар алып жүрген іскердің қиялынан туған дүниелерге сұраныс күн санап артуда. Кәсіпорын шағын болғанымен, озық жабдықтармен жарақталған. Соның арқасында өнімнің сапасы жоғары. «Шеберлердің қолынан шыққан дүниелер халықаралық байқауларда да үздік танылып үлгерді», — дейді тігінші Санзия Қонысбаева.
— Біздің әр минут, секундымыз санаулы. Былтыр мамыр айында өткен халықаралық «Сән мен сахна» деген конкурстан 2- орын алдық. Менің ойымша, біздің еңбегіміз бағаланып жатыр. Сондықтан әр конкурсқа біздерді арнайы шақырады, біз өз тара- пымыздан қалмай барамыз, — дейді Санзия.
Шағын киім цехында өз ісінің хас шеберлері қызмет етеді. Яғни тұрақты жұмыста 6 адам. Олар 2015 жылы 2000 көйлек тіккен. Осылайша олар отандық өнімді өндіруге сүбелі үлес қосуда. Цехта тігілген киімдер қаладағы арнайы дүкендерде саудаға шығарылады. Сатып алушылар отандық өнімді сатып алуға арнайы іздеп келеді. Солардың бірі Ақтау қаласының тұрғыны Жазира Аманова:
— Ұтымды жағы — бағасы арзандау. Басқа дүкендерде сапалы әрі сәнді көйлектердің бағасы 20 мың болса, мұнда ондай киімдерді 15-16 мыңға табасыз. Яғни, бағасы қалта көтерімді. Өзім осы киім цехының тұрақты алушысымын. Тіпті шалбарлар- ды қысқарту болса да, осында жасатамын.
Дизайнер Әсел Жекенова өзі ойлап тапқан үлгідегі киімдердің қыз-келіншектердің ойынан шыққанына разы. Сән индустриясында жүргеніне бар-жоғы бір жылдан асса да, жас дизайнер импорттық тауарларды ығыстырып, отандық өнімнің өндірісін еселей түспек. «Себебі жүкті әйелдерге арналған киім-кешекті іздеп келетін болашақ аналардың қатары артып келеді», — дей- ді ол.
Мұнайлы аймақта отандық өнім өндіруде өзінің сүбелі үлесін қосып келе жатқандардың бірі — Жаңаөзеннің 72 жастағы тұрғыны Мәлік Нәрембаев. Қолынан өнер тамған шебер 20 жылдан астам уақыт халық аузында баклашка аталып кеткен кәдімгі құтыларды кәдеге жаратып келеді. Шебер баклашкадан түрлі пішінде үстел шамын жасап шығарады. Оның дайындаған бұйымдары мұнайшылар қаласында жоғары сұранысқа ие. Өнертапқыш сүйікті ісімен айналысуға уақыт аямайды. Қолы қалт етсе тұрмысқа қажеттілердің түр-түрін дайындайды. Яғни баклашканы қиып, гүл мен жапырақты кескіндейді. Шебер бір шамды жасап шығуға 2 күн уақыт жұмсайды екен. «Дайын бұйымды арнайы дүкендерге сатылымға шығарып немесе сыйлыққа береді. Осы еңбектен демеу табатын сияқты. Күндіз-түні сонымен еңбектеніп жүр. Өз тумаластарымызға, ағайын-туғанға бір-бірден бердік. Жалпы, оның жасаған бұйымдарын дүкендер арнайы тапсырыспен алады. Сонымен қатар, көрме, жәрмеңкелерден де қалмаймыз», — дейді шебердің жұбайы Ақсүйрік Нәрембаева.
Бұйымның жасалу жолы қарапайым. Бірақ ұқыптылық қажет. Шебер микроқосқыш пен жарық диодты шам және тоқ ашасын пайдаланып, ағаш-жоңқа плитасына орнатады. Сосын баклашканы қию әрі жағу әдісімен түрлі пішінде иеді. Мәлік Нәрембаев өзі білгенін өзгеге де үйретуді жөн көреді. Алайда жастардың мұнымен айналысуға зауқы шамалы дейді ол.
— Үйреткім келеді, балалардың шыдамы жоқ. Қазір тек бәрі телефонды қарайды да жатады. Ол денсаулықтарына да зиян ғой. Ал мұнда қолдың ұшы жұмыс жасайды. Әр саусақпен жұмыс жасау денсаулыққа жақсы. Біреуі жүрекке, біреуі бауырға, біреуі миға. Соның арқасы болар, мен 73-ке келейін деп жатырмын. Өнертапқышқа Жаңаөзендегі үкіметтік емес ұйым тарапынан ұсыныс жасалыпты. Олар мүмкіндігі шектеулі өрендерді осы өнерге баулуды өтінген. Оны қуана қоштаған шебер енді шәкірт тәрбиелемекші.
Дайындаған Айман ОҢҒАРБАЙҚЫЗЫ