Ғажайып қалам — Астанам!»
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесі аясында және Астана күніне орай ашылған нысандар жалғасы кешкісін Бас қаламыз – Нұрсұлтан қаласының «Ғажайып қалам – Астанам!» атты мерекелік
кешіне ұласты.
Мерекелік кеш басталар алдын аудан басшысы 2019-2021 жылдар аралығындағы «Бизнес Бастау» жобасы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлердің өнімдер жәрмеңкесін аралады.
Олармен тілдесіп, еңбектеріне сәттілік тіледі. Қала әкімі Д.Борсықов оларға алғыс хаттармен сый-сияпат тарту етті.
Кеш «Бәйтерек» театрландырылған көрінісімен бастау алды.
Музыкалық – поэтикалық театрландырылған қойылымды орындайтын – «Сарысу» халық театры.
Ал, қоюшы режиссер Р.Бердісүгірова.
Сарысу көгінде «Арман Астана» — әнінің әуені ойнап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қазағым, жеттің күткен арманыңа,
Қарашы, көз жіберіп жан – жағыңа.
Мінеки, 23 жыл толды биыл, Нұрекең Нұрсұлтанды салғанына.
Жайғызып кең дүниеге қанатыңды,
Осы жылдар қандай әсем қала тұрды.
Бел шешпей, аттан түспей, арпалысып,
Елбасы қанша ұйқысыз таң атырды,-деп жыршы жырлай жөнелді.
Көрініс барысында Елбасының өмір баяны мен балалық шағы, еңбегі кеңінен баяндалды.
Осынау бүкіл Қазақ елінің мерейлі мерекесімен Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтап, бірқатар азаматтарды Алғыс, Құрмет Громаталарымен марапаттады.
Кеш Жаңатас көгін әуелей,әсем ән, әдемі би, мағыналы көріністермен жалғасын тапты.
Д. Үмбетиярова, Сарысу ауданы