Ғылым мен білім саласындағы халықаралық байланыс нығая түсті
NAFSA – Жоғарғы білім беру саласы қызметкерлерінің Халықаралық Ассоциациясының ұйымдастыруымен 30-31 мамыр күндері АҚШ-тың Филадельфия қаласында орналасқан Пенсильвания университетінде Қазақ-Америка жоғарғы оқу орындары ректорларының ІІ форумы өтті. Форумның жұмысына С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, философия ғылымдарының кандидаты Гаухар Ахметова қатысты.
Форум шеңберінде қазақстандық жоғарғы оқу орындарының ректорлары американдық әріптестерімен екі жақты келісімге келді. Қазақстан мен АҚШуниверситеттерінің арасындағы келіссөздер бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға, жоғарғы оқу орындары шет елдік студенттрге бөлетін гранттардың санын арттыруға бағытталды. Сонымен бірге, форум шеңберінде бірлеске зерттеу жобаларын жүргізу мүмкіндіктері де талқыланды.
Форум аясында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі мен Халықаралық білім беру институтының арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Атап өту керек, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті американдық әріптестерімен ұзақ уақыт тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Университет АҚШ-тың алдыңғы қатарлы Дьюк, Колумбия универститеті және басқа да жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнатты.