Ғылым және өндіріс: Қарағандылық биотехнолог студенттер сүзбеден жаңа өнім шығарды
Қарағанды техникалық университетінде өндірушілерді қызықтырған жаңа сүт өнімдерін әзірлеу туралы айтылды.
Біздің студенттер оқытушылардың жетекшілігімен сүзбе негізінде жаңа өнім — Milk crusty әзірледі. Бұл толтырғышқа сәйкес келетін табиғи хош иісі мен дәмі бар жұқа, қытырлақ пластинкалар. Өнім табиғи, диеталық, пайдалы. Балалар тағамы үшін пайдалануға болады, — дейді Химия және химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Алтынарай Тәкібаева.
Өнім өндірісінің рецептурасы мен технологиясы «Биотехнология» ҰОК базасында әзірленген. Университетте «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС мамандары болды. Олар зерттемеге баға берді. Нәтижесінде кәсіпорын басшылығы ноу-хауды мақұлдады. Сату үшін Milk crusty өндірісін бастау туралы шешім қабылданды.
Бұл ғалымдар мен өндірушілердің алғашқы ынтымақтастығы емес, деп атап өтті Университетте. Сатылымда бал мен лимон шырыны қосылған сарысу негізінде жасалған сусын — «Лаймс» биолимонады бар. Оның да рецепті Химия және химиялық технологиялар кафедрасында жасалған.
Жомарт Шаймұрат