Ғибратты әңгіме…
Вы, Айтолкын Абдибекова, Gulzada Krikbaeva и ещё 59
Вы, Айтолкын Абдибекова, Gulzada Krikbaeva и ещё 59
Өзіне тең боларлық әйел іздеп отызға келген бойдақ жігіт анасына:
— Апа, үш қызға бірдей көзім түсіп жүр, соның қайсысына ен тағарымды білмей жүрмін, — депті.
— Онда былай істе: әрқайсысына бар да: «Мен саған көп ақша берсем, не істер едің?» — деп сұра дейді анасы. Баласы анасының айтқанын істейді.
Әлгі сұраққа бірінші қыз:
— Өзіме неше түрлі киімдер сатып алып, сенің алдыңда ұдайы әсем қалпымда көрінер ем, — депті.
Екінші қыз:
— Саған көп етіп әсем киімдер алып, қарныңды да тоқ етіп қояр едім, — депті.
Үшінші қыз:
— Сіздің атыңыздан бір тиімді іске салып, одан түскен табысты отбасына да, өз қалауыңызша жұмсауға да жететін етіп қояр едім, — дейді.
Ұлы үш қыздың да жауабын жеткізгенде анасы:
Бірінші қызды ескі танысым деп сана да қоя сал, екіншісімен есендесіп, сыйлас, үшіншісіне үйлен, — депті.