Ғибратты оқиға

Алаңдаулы əйел гинекологқа келіп:
— «Дəрігер менде күрделі мəселе, не істерімді білмеймін, маған көмектесіңізші! Менің ұлым əлі бірге толмады, ал мен тағы да жүктімін. Мен балдарымның қатарлас болғанын қаламаймын» — деді.
Сонда дəрігер:
— «Жарайды, сонда сіздің қандай ұсынысыңыз бар?»
Əйел:
— «Сіз менің баламды алып тастасаңыз. Сіздің көмегіңізге жүгініп отырмын».
Дəрігер біраз ойланып болып, əйелге:
— «Меніңше сізге оңтайлы шешімім бар. Сонымен қатар сізге де зиян болмайды».
Əйел қуанып, дəрігер оның айтқанына көнді деп ойлады.
Дəрігер:
— «Менің айтар ұсынысым, екі бірдей балаға қарамау үшін, дүниеге алып келген, үйдегі балаңызды өлтірейік. Сол кезде ішіңіздегі балаңыз дүниеге келгенше демалып аласыз. Егер біз бір баланы өлтіретін болсақ, қайсысы болса да айырмашылық жоқ қой. Сондай-ақ туылатын баланы өлтіріп, өз денсаулығыңызға да зиян келтірмейсіз.»
Əйел қорқып кетіп:
— «Жоқ дəрігер! Қандай сұмдық! Баланы өлтіру ауыр қылмыс қой!»
«Ия, келісемін, — деді дəрігер. Бірақ сіз соған бармақшы болдыңыз. Мен ең жақсы тəсілі сол болар дедім.
Дəрігер өз мақсатына жеткенін сезіп, күлімсіреді. Ол жас анаға кішкентай сəби мен ананың қарнындағы баланы өлтіргенде айырмашылық жоқ екенін түсіндірді. Екеуі де бір қылмыс!