Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында. Статистикалар
Жалпы Қазақстан грек-рим күресінен Азия аймағы бойынша алдыңғы қатарлы орындардан көрініп жүрген мемлекет. Балуандарымыз да Азия бойынша бұл күрес түрінен жақсы нәтижелерге ие. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі балуандарымыздың Азия кілеміндегі жеткен жетістіктерін сүзгіден бір өткізіп шығуды жөн көрдік. Ендеше төмендегі статистикаларға зер салыңыз.
Грек-римнен Қазақстан құрамасы 1993 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен чемпионаттан бастап қатысып келеді. Әр чемпионаттағы Қазақстанның жеткен жетістігі:
Өткен жылы | Өткізген мемлекет | Қазақстанның орны |
1993 | Хиросима (Жапония) | 5 — орын (1 алтын, 2 күміс, 2 қола) |
1995 | Манила (Филиппин) | 1 – орын (4 алтын, 3 қола) |
1996 | Сяошань (Қытай) | 3 – орын (4 алтын, 1 қола) |
1997 | Тегаран (Иран) | 2 – орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) |
1999 | Ташкент (Өзбекстан) | 3 – орын (2 алтын, 1 күміс, 1 қола) |
2000 | Сеул (Оңтүстік Корея) | 6 – орын (1 алтын, 2 күміс) |
2001 | Ұлан Батыр (Моңғолия) | 6 — орын (1 күміс, 1 қола) |
2003 | Нью-Дели (Үндістан) | 2 – орын (3 алтын, 2 қола) |
2004 | Алматы (Қазақстан) | 1 – орын (3 алтын, 3 күміс) |
2005 | Ухань (Қытай) | 2 – орын (2 алтын, 1 күміс, 2 қола) |
2006 | Алматы (Қазақстан) | 1 – орын (12 мемлекет) (3 алтын, 1 күміс, 1 қола) |
2007 | Бішкек (Қырғызстан) | 5 – орын (14 мемлекет) (2 күміс) |
2008 | Чеджу (Оңтүстік Корея) | 2 – орын (14 мемлекет) (2 күміс, 3 қола) |
2009 | Паттайя (Тайланд) | 2 – орын (14 мемлекет) (1алтын, 3 күміс, 1қола) |
2010 | Нью-Дели (Үндістан) | 5 – орын (13 мемлекет) (1 күміс, 2 қола) |
2011 | Ташкент (Өзбекстан) | 5 – орын (13 мемлекет) (1 алтын, 2 қола) |
2012 | Куми (Оңтүстік Корея) | 4 – орын (12 мемлекет) (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) |
2013 | Нью –Дели (Үндістан) | 3 – орын (14 мемлекет) (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) |
2014 | Астана (Қазақстан) | 1 – орын (12 мемлекет) (2 алтын, 1 күміс, 2 қола) |
2015 | Доха (Катар) | 2 – орын (12 мемлекет) (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) |
2016 | Бангкок (Тайланд) | 2 – орын (13 мемлекет) (1 алтын, 1 күміс, 4 қола) |
1993 жылдан бастап командалық есепке көз салсақ: Иран – 9 (2001, 2003, 2007, 2008, 2009, 2011, 2012, 2015,2016), Оңтүстік Корея – 7 (1993, 1996, 1997, 2000, 2005, 2010, 2013), Қазақстан – 4 (1995, 2004, 2006, 2014) және Өзбекстан бір мәрте (1999) чемпион болған.
Грек-рим күресінен Азия аймағы бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш чемпион – Сергей Матвиенко. Мативенко Азияны төрт рет және үш мәрте қатарынан (Азия чемпионаты 1994 болған жоқ) ұтқан әзірге жалғыз балуан. Азия бозкілемінде бағы жанған Матвиенконың Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында жолы болмаған.
Өткен жылы | Белдесулері | Жүлдесі |
1993 жыл, Хиросима | 90 келі (8 балуан) Финал. Ион Жин-хан (Оңтүстік Корея) |
Алтын |
1995 жыл, Манила | 100 келі (6 балуан)
Финал. Айоб Намдари (Иран) |
Алтын |
1996 жыл, Сяошань | 90 келі (6 балуан)
Финал. Рози Режепов (Түркіменстан) |
Алтын |
1999 жыл, Ташкент | 97 келі (10 балуан) Финал. Феинг Фуминг (Қытай) |
Алтын |
2000 жыл, Сеул | 97 келі (9 балуан) Финал. Парк Воо (Оңтүстік Корея). Жеңілді.
|
Күміс |
Ал қазақтан шыққан алғашқы чемпион – Руслан Жұмабеков. 1995 жылы Маниладағы турнирде Қазақстан құрамасынан төрт балуан алтын медал алды. Олар: Руслан Жұмабеков (74 келі), Бақтияр Байсейітов (82 келі), Дәулет Тұрлыханов (90 келі) және Сергей Матвиенко (100 келі).
Үш Азия чемпионатына қатарынан қатысып үш түрлі медаль алған алғашқы жүлдегер– Нұрбақыт Теңізбаев. Теңізбаевтың спорттық карьерасының өзі кадеттер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдесімен басталған (2000 жыл).
Өткен жылы | Жүлдесі |
2004 жыл, Алматы | 60 келі (9 балуан), күміс |
2005 жыл, Ухань | 60 келі (10 балуан), қола |
2006 жыл, Алматы | 60 келі (6 балуан), алтын |
Азия чемпионатына ең көп қатысқан және әзірге Қазақстанда жалпы жүлдесі жағынан озып тұрған балуан – Марғұлан Әсембеков. Әсембеков өзі қатысқан тоғыз чемпионаттың жетеуінде елге жүлдемен оралған (Алтын – 2005,2006, Күміс – 2008,2009, Қола – 2003,2010, 2015). Бұл тұрғыда Бақтияр Байсейітов екінші орында. Ол жеті чемпионатқа қатысып (1993,1995,1996,1999,2000, 2003, 2005) алтауында жүлдеге ие болған (Алтын – 1995, 2000, Күміс – 2005, Қола – 1993, 1996, 2003).
Серік ҚАНТАЕВ