ҒЫЛЫМҒА КЕТКЕН ҚАРЖЫ – БОЛАШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ
Жас ғалымдар мен зерттеушілерді мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру үлкен табыстарға жол ашпақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, отандық ғылымдағы мәселелерді шешу үшін, ғылыми және сарапшылық қауымдастықпен біріге отырып, ғылымды дамытудың 2020-2026 жылдарға арналған бағдарламалық құжаты әзірленді. Ел үкіметінің 2021 жыл 12 қазандағы қаулысымен бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасында «Ғылым» блогы енгізілді. Аталмыш блогта келесі төрт бағыт бар. Біріншіден – ғылымның кадрлық жағдайын жақсарту, сонымен қатар ғылыми қызметкерлердің санын 1,5 есеге көбейту. Бұл міндетке ғалымдардың жалақасын өсіру, постдокторантураға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша 1 мың грант бөлу, әр жыл сайын 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тәжірибе алмасуға жіберу жоспарланып отыр. Екіншіден – ғылыми эгожүйенің басқа жүйелермен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осы бойынша мемлекеттік ғылыми зерттеу институттары мен екі ұлттық университетті трансформациялау жоспарланған. Үшіншіден – ғылыми зерттеу жұмыстарын бағыт аясында ғылымды орталықтандыруды жетілдіру жоспарлануда.
Ұлттық жобаны жүзеге асыру – ғалымдар мен зерттеушілердің санын 22 мыңнан 34 мың адамға дейін арттыруға, ғылыми зерттеу институттарының сапасын жақсартуға, ғылыми институттар жабдықтарын жаңартуға, индекстелетін халықаралық ғылыми журналдарда қазақстандық ғалымдардың жарияланымдары санын 2500-ге, сондай-ақ Ѕсімадо рейтингінде қазақстандық ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу ұйымдарын арттыруға мүмкіндік береді. Ғалымдарды гранттық қаржыландыру арқылы олардың идеяларын қолдау, зерттеу жұмыстарын ынталандыру, ғылыми әлеуетті арттыруға маңыз беріліп отыр. 2020 жылы алғаш рет гранттардың жаңа түрлері енгізілді. Бұл қатарға: коллаборацияға, қысқа мерзімді, жеке және басқаларға, бұл көптеген перспективалы ғылыми идеяларға мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.
Байқаулар нәтижесінде Ғылым және жоғары білім министрлігі 1981 гранттық қаржыландыру жобасын және ғылыми зерттеулерді бағдарламалық және мақсатты қаржыландыру бойынша 161 ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асырады. 2024 жылы жаңа ғылыми жобаларға конкурстар жалғасуда.
Нағашыбай Қабылбек