«ҒЫЛЫМҒА ҚҰШТАР ҒАЛЫМ»
«К.И.Скрябин музей-үйінде» Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің «Ветеринар» мамандығы, 3 курс студенттеріне «Ғылымға құштар ғалым» тақырыбында экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында, гельминтология негізін қалаушы К.И.Скрябиннің 300-ден аса экспедиция ұйымдастырғаны, сонымен қатар 200-ден аса гельминттердің түрін ашып, 120 тегіне негіздеме жазғаны туралы сөз қозғалды.
Студенттер тарапынан сұрақтар қойылды, пікірлері тыңдалды.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі