ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ-ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА

Бүгінде ұлттық құндылығымыз – баға жетпес адам өмірін сақтауда, олардың толыққанды күшпен еңбек етіп, шығармашылықпен айналысуында, сондай-ақ қоғамның белсенді мүшесі болып табыла білуінде медицина қызметкерлерінің атқаратын істерінің маңызы зор деп білеміз.

Осы орайда, аудандық орталық ауруханасының директоры Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлына арнайы барып, жолығып атқарып жатқан жұмыстарына қанықтық. Аурухана 2018 жылдан бастап, толық цифрлық жүйеге көшкен, сондай-ақ, сол жүйені дамыту мақсатында, емхананың «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышында сенсорлы экран қойылған. Ол арқылы емханаға келген азаматтар дәрігер қабылдауына жазыла алады, «egov.kz» электронды порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндік табады. Медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында және емделушінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдарда емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметтері ұйымдастырылған және арнайы сенім телефоны құрылғанын байқадық. Олар шағымдарды дереу тексеру және кемшіліктердің алдын-алу ұстанымы бойынша жұмыс істейді.

Қазіргі заман талабына сай директордың жеке блогы және емхананың арнайы сайты да бар екен.Егер медициналық қызметкерлердің қызмет көрсетуіне көңілі толмаған емделушілер сол жерде шағымдарын қалдырса, мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде кемшіліктерді жойып, жұмыс сапасын арттыру жолында қызмет жасайалады.

-Бағлан Жарылқасынұлы, қазіргі уақытта халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қаншалықты толығымен шешілген? Отандық фармацевтикаға көңіліңіз толама? Осы бойынша толығымен тоқталып өтсеңіз.

-Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ — 75 бұйрығына сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі бойынша жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін Д есебінде тұрған 11250 тұрғын 17205 дана тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

-Аудандық орталық ауруханасына қарасты медициналық нысандар туралы біршама мәлімет бере аласыз ба?

-Денсаулық сақтау объектілерінің құрылыс жұмыстары бойынша Жайлаукөл ауылына қарасты дәрігерлік амбулаториясын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Саудакент дәрігерлік амбулаториясының қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттар әзірленуде. Сондай-ақ, Үшбас ауылына 5 келушіге арналған жаңа медициналық пункт құрылысына жер қарастырылуда.

2023-2024 жылдар аралығында «Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласына ауысымына 250 келушіге арналған емханасы бар 200 орындық аудандық аурухананың құрылысына» 5.0 га жер алынып, керек құжаттар әзірленіп, денсаулық сақтау басқармасына жолданды.

-Түйткіл басы-дәрігер тапшылығы дегендей, ауруханада кадр тап-шылығы бойынша мәселелер бар ма? Білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

-Сарысу аудандық орталық аурухана Жайлаукөл, Тоғызкент дәрігерлік амбулаториясына 2 жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 неонатолог, 1 реаниматолог, 1 функциональдық диагностикалық дәрігер 1 педиатр мамандары қажет. Жас мамандарды жұмысқа шақыру бойынша персональды басқару бөлімінің басшысы Абдималиков Нұрсұлтан және жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Мұханов Рәт Қырғызбайұлы Алматы қаласындағы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Қазақстан-Ресей медицина университетінің жәрмеңкесіне барып жұмысқа шақыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сарысу аудандық орталық ауруханасына Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «травматолог, ортапед және офтальмолог» екі жас мамандары аурухана бюджетінен оқытылуда.

-Бағлан Жарылқасынұлы, сапа жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен, емхана мен ауруханалардың соңғы үлгідегі заманауи медициналық құралдармен жабдықталып жатырма деген ой келеді. Халықтың көкейінде жүрген өзекті сауалға жауап берсеңіз? Бұдан өзге қандай іс-шаралар арқылы да, халықтың денсаулығын күшейту бағытында жұмыстар қолға алынып жатыр?

-Хирургия бөліміне керек-жарақтарымен-1дана SU-03 опе-рациялық үстелі, емхана бөліміне 3-дана, қабылдау бөліміне 1-дана, соматика бөліміне 1-дана ЭК 12Т-01Р-Д ТУ қолмен және автоматты режимде ЭКГ тіркеуі бар он екі арналы миниатюралық электрокардиограф, хирургия бөліміне 2-дана ЭМАЛЕД хирургиялық төбе шамы, емхана бөліміне AITECS DF 12 модельді волюметриялық инфузиялық сорғы-1 дана, жансақтау бөліміне помпа (насос) AITECS, SP-12 S Pro модельді әмбебап инфузиялық шприці-1 дана, жансақтау бөліміне аппарат искусственной вентиляции легких HAMILTON C-1-3 дана, жансақтау бөлімі 1-дана, қабылдау бөлімі 1-дана, перзентхана 1-дана Nexo LE-12 көп функциялы медициналық төсек, перзентхана бөліміне фетальный монитор серии Ғ 90-3дана алынды.

— Дәрігер ретінде тұрғындарға қандай кеңес айтар едіңіз?

– Дәрігер ретінде айтарым, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей салауатты өмір салтын ұстану, ол дегеніміз дұрыс тамақтану, белсенді дене қимылы. Скринингтік тексерулерге емханаға келу. Қандай да бір денсаулық жөнінде шағым болса дәрігерге келіп қаралу қажет екенін аудан тұрғындарының назарына саламын.

– Әңгімеңізге рахмет!

Камели СҮЛЕЙМЕНОВА, «SARYSÝ»