ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНДАРЫ МЕН ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА

Қонақтар бірінші ауданға қарасты Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығында болды. Орталықта мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 86 үйірме жұмыс істейді. Қазіргі таңда 700 бала қосымшаларға қатыса отырып, өздерін жан-жақты дамытуда.
