«Халық қаһармандарының» қатары екеуге көбейді
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай әскери қызметтің қазанында қайнаған екі азаматқа «Халық қаһарманы» атағын беру жөнінде Жарлыққа қол қойды. Ақорданың ресми сайтында жарияланған Жарлық мәтіні төмендегідей:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлық
Қаулы етемiн:
- Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Халық қаһарманы»
атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі —
Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Родин Дмитрий Олегович – «Fokker-100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы
Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы – Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы — 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Назарбаев
ЕлАна-ақпарат