Халық қамын ойлайтын жастарды тәрбиелеуіміз керек

7 сауалға жауап

1. Ал  енді газетіміздің сұрақтарына келсек,өте жақсы ойлап табылған. Газеттеріңіздің қай саны болсын көтеріліп жатқан материалдарыңыздың барлығы ұнайды,газет әр саланы қамтыйды,мәдениет, спорт,экономика,саясаттағы болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар дегендей. Десек те, Президентіміз, Н. Назазарбаев,  тіліміз — түрік, дініміз —ислам, кітабымыз — Құран, демеппе еді, тілімізбін бірге дінімізді   біле  жүрсек артық болмас деймін. Себебі қазіргі кезде осы тақырып көп көтеріліп жүрген тақырыптардың бірі, жастар өз ата-баба ұстанған дінін түсінбей басқа дінді,басқа ағымдарға өтіп жатқан па. Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен,сахабалар өмірінен және хадис шариптерінен қосылып отырса, керемет болар еді.

2. Қазақстан дамыған 30-мемлекетті қатарына қосылуы,әрине халқымыз үшін үлкен  дәреже, жұмыла көтерген жұп жеңіл демекші,қазіргі мемлекетіміздің даму қарқыны жаман емес,әлі де көп елдермен саяси, экономика жағынан  білімді  болашақты болжай алатын, халық қамын ойлайтын білімді жастар шығу  керек.

3. Жемқорық  әр елде кездесетін,жағымсыз әрекет.Қоғамда кең етек жайып көптеген  адамдардың шешуін таппай жатқан зор-індет.Казіргі кезде заман осындай,мен де үлесіді алвп қалайын, пайда көріп қалайын деген пиғылдан туатын  жағымсыз құбылыс. Қазір қалада жай бір мекеменің   еденін  жууға таныспен кіреді,күзетке кіруде. Әр кәсіптің өз белгілеп қойған мөлшері бар.Мунымен күресудің жалғыз жолы,қатаң заң,және жазалау ел алдында абыройн төгу, басқаларға сабақ ретінде.

4 Тіл мәселесі бұл да шешуін таппай тұрған өзекті мәселенің бірі. Қазыр көп елдерде өз ана тілінде сөйлейді,құрметтейді,өкінішке орай бізде әл де ақсаңқырап тұр.Обылыстарда тіл комиттері құрылып жумыстар жүргізіліп еді,көшелерді тексеріп,мекемелерді аралап,қазыр кішкене бәсеңдеп қалғандай. Қалалық автобустарда әлі күнге дейін аялдамаларды орысша айтады, магазин кафелеріңіз   маңдайына орысша жазып қояды,кейбіреулері әуелі тіліңе пысқырмайды да.Тіл мәселесін жоғарыдан мінберлерден,жиындардан бастау керек,»Ел болам десең-бесігіңді түзе»,деп Әуезов атамыз айтпақшы,әр қазақ ең алдымен өз отбасынан бастауы керек.

5.  Мені осы  тақырып  қатты толғандырады, қазақ туралы білгің келсе мен айтар едім базарға бар – деп, өйткені нағыз өмір сонда .жай халықтың қазыргі күн көрісі  базар боп қалды,аннан алады,мыннан сатады. Бір сөзбен айтқанда алыпсатар. Қыстың суығы, жаздың аптап ыстығы соған  қарамай  сауда жасайды. Одан байып жатқан олар жоқ. Ауылдан суылдап ағып келіп жатқан жастар,сол базарда арба итеріп жүк тасиды,құрлыста  жұмыс істейді. Өздері пәтер жалдайды, сол жоқшылықтың зардабынан ажырасып жатқан тағы біздің қазақ. Таксишілер не сан. Басқа ұлттардын банклерінде, кафе, рестарандарында күзетші  кім тағы сол  біздің жастар.

Кезіндегі Алматы қандай еді, ұрып кетті  соғып кетті, атып кетіпті дегенді сирек еститінбіз. Біз сонда қайда кетіп бара жатырмыз?

6. Ел басының жалпы сясаты өте жақсы,ойлағаны халық қамы,бірақ бұл бір ғана адамның қолынан келетін шаруа емес. бәріміз бірлесуіміз керек. Миллионерлердің шетке тыққан ақшаларын қайтарсын деген ойы өте орынды, олардан түскен қаражат ең болмаса бір жерімізді жамауға жарар еді.

7. Еліміздегі халық санын  көтеру,ол халықтың әл-ақатын көтеру арқылы ғана жүзеге асады,бізде әр туған балаға он-онекі мың теңге ғана төленеді,ол оның тамағына жете ме жоқ киіміне жете ме,Алтын алқа, күміс алқа дегендерге жеңілдіктер   жасалу керек,үй жер сияты мәселелерді қатаң түрде жолға қою керек,олардың да алатын жәрдем ақысы түкке тұрмайды, бір базардан артылмайды. Демография өсіп келеді дйді, дегенмен ол өте төменгі деңгейде.

 

 

          Максат Нұрақынұлы, Талдықорған.