«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
Аудан әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары тарапынан аудан тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен көмектерді түсіндіруге бағытталған және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 шілдесі күні Көкбастау ауылдық округіне қарасты №16 С.Сейфуллин орта мектебінде ауыл тұрғындарымен қайта құрылған «Мансап» орталығының құрылымы мен жұмыс бағыты бойынша кездесу өткізілді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Налекова және «Мансап» орталығының қызметкерлері қатысып, ауыл тұрғындарына арналған мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік көмектер және «Мансап» орталығының құрылым бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында жеке қабылдаулар өткізіп, консультациялық көмектер көрсетілді.
Жуалы ауданы әкімдігі