ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

”Баласағұн” ОКЗ «Қасиетті қазақ елі» V халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан фестиваль аясында вокал-дәстүрлі ән айту, жыр мүшәйрасы, терме сайысы, қолөнер номинациялары бойынша жалпы саны 35 қатысушы таныстырылып, олар өнерлерін ортаға салуда.

Ашылу салтанатын облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы, Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы М.Сарыбеков құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркия, Моңғолия, Ресей, Қытай, Өзбекстан сынды 8 мемлекеттен келген қатысушылар бақ сынап, бүгін кешкі сағат 19:00-де аталмыш фестиваль К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Гала-концертімен қорытындыланады.

Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы