ХАЛЫҚТЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСУДА?
Биылғы жоспарға сәйкес, «Тектұрмас», «Қарасай», Шөлдала, Құмшағал, Қызыл-Абад, Казарма, Көлтоған, Жиделі шағын аудандары мен 28 саяжай алқаптарына ауыз су жүйесін тарту көзделген. Қазіргі уақытта «Құмшағал», «Тектұрмас», «Қарасай» алқаптарында қазба жұмыстары басталып (су құбырлары жеткізілді, колодец орнатылуда), жұмыстың 15 %-ы орындалған. «Жиделі», «Көлтоған», «28 саяжай», «Қызыл-Абад» алқаптарын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, мердігер мекеме анықталуда. Барлық нысандар бойынша 2022-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Тараз қаласының әкімдігі