ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ 50 АДАМҒА АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫН ТАРАТТЫ
Рамазан айында ораза ұстаған адамға ауызашар беру – сауабы мол амалдардың бірі. Алайда шариғатта ауызашар беру міндеттелген парыз не уәжіп үкіміне жатпайды.
Ол адамның өз қалауымен атқаратын сауапты іс. Ауызашарды әркім жағдайына қарай жасайды.
Ең бастысы, ысырапқа жол бермей үйінде, дәмханаларда, мешіттерде, тағы басқа орындарда өткізе алады.
Осындай сауапты іс кеше «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының мүшесі, аудандық маслихаттың депутаты Лаура Нұрмаханованың атсалысуымен жүзеге асты.
Қасиетті айда халық қалаулысы Байқадам ауылдық округіне қарасты ораза ұстаған 50 кісіге ауызашар себеттерін таратты.
Ыстық тамақ, нан, тәттілер мен жеміс, сусын т. б салынған елу қоржын ауыз бекіткен жандардың үйлеріне таратылды.
Айта кетсек, мемлекеттік қызметте де, білім саласында да халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан Лаура Нұрмаханованы көпшілік қатты құрметтейді.
Елдің ерекше ықыласына бөленіп жүрген Лаура Нұрмаханова; «Отан отбасынан басталады» – демекші, ол – қоғамды құрушы, ұрпақты жалғастырушы, дәстүрді сақтаушысы, өнегелікті нығайтушы алтын ұя болып табылады. Сондықтан болар, адамдардың жүрегінде мейірбандық танытып, ізгілік қасиеттерді арттырып, бірлігін одан әрі мығымдай түскендей.
Адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, қолұшын созып, танымайтын адамның көңіліне жылу сыйлау үлкен бақыт. Неге десеңіз, ондай жағымды жаңалықтың, игі істің қашанда шарапаты болады.
«Қуанышты бөліссең көбейеді» дегендей, мұндай шаралар мейірімділік танытып, қайырымдылық жасауға итермелеп тұрады.
Бұл ұлы істердің бастауынан алған қарапайым көрінісі ғана.
Бізбен сіз рақымшыл болып, көпке үлгі ретінде қайырымдылық шарасының басы-қасынан табыла білейік, —дейді халық қалаулысы.
Расында игі істің көп болғаны жақсы. Олай болса біз де жақсылық жасап жарысайық.
Сарысу ауданы