Халық қалаулысы ел арасында

 0

✅ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әбдәлі Нұралиевтің Жамбыл облысына келген жұмыс сапары көршілес Жамбыл, Талас аудандарынан соң біздің ауданда жалғасын тапты. Халық қалаулысын аудан әкімі Бақыт Қазанбасов қарсы алды.

✅ Сенатор жұмыс сапарында Үлгілі ауылындағы «Облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында, «Ақылжан — 2017» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, кооператив мүшелерімен кездесті.
✅ Өзінің жұмыс сапарының мақсатын айтқан Абдалы Тоқбергенұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты басшылығының ұйғаруымен, өңірлерден сайланған Парламент Сенатының депутаттары Мемлекет басшының Жолдауынан кейін өңірлерге іс-сапарға шығып, Жолдауда айтылған мәселелерді түсіндіріп жатқанын жеткізді.
✅ Осы мақсатта Жамбыл облысынан сайланған депутат Бекболат Орынбеков екеуі облысқа келіп, бірнеше күн аудандарды аралап жүргенін айтты. Бүгін Байзақ ауданына келіп, бірінші кезекті көктем уақыты, егін егу науқаны осыған байланысты ауданда атқарылып жатқан жұмысты көріп, көңілінен шыққанын шаруаларға жеткізді. Өз кезегінде кооператив мүшелері несиеге берілген өтінімдердің толық қанағаттандырылуын, минералды тыңайтқыштар алу мәселесін қозғады.
Бұдан соң Сенат депутаты аудан орталығында орналасқан «Amanat» партиясының аудандық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Байзақ ауданы