ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕЛ ІШІНДЕ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Президенті
Берік Әбдіғалиұлы Сарысу ауданына жұмыс сапарымен келді.

Референдумның мақсаты мен маңызын түсіндіру бойынша құрылған республикалық штаб мүшесі іссапар барысында ең әуелі аудан активімен кездесті.

— Кез-келген мемлекеттің басты байлығы – адам. Ал ел мүддесін қызғыштай қорғайтын мемлекеттік маңызы бар құжат — Конститутция. Осы ретте Мемлекет басшысының Ата Заңымызға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық рефередум өткізу туралы ұсынысы қоғам арасында үлкен қолдау тапты. Бұл өз кезегінде «Жаңа Қазақстанды» қалыптастырудағы ең басты алғышарттардың бірі. Алдағы саяси науқанға атсалысу — азаматтық парызымыз. Ендігі саяси жүйе ел мүддесіне қалтқысыз қызмет қылатын болады, — дейді қоғам қайраткері өз сөзінде.

 

Сондай-ақ, келелі кездесуде тіл жанашыры, тарихшы Сарысу ауданына қатысты тың тарихи деректермен бөлісіп, ұлт мүддесі үшін күрескен ұлы тұлғалар туралы кеңінен баяндады.

Айта кетейік, атақты ғалым, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің түлегі.

Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі