ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ
Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген Сарысу ауданында жұмыс сапарымен болды.
Халық қалаулысы әуелі ауданға қарасты Жаңаарық ауылдық округі әкімі Қуандық Алдабергеновтың халық алдындағы есеп беру кездесуіне қатысты.
Ақтоғай ауылында өткен есептік жиында депутат жергілікті тұрғындардың әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарына жауап беріп, көпшіліктің ұсыныс-пікірін ортаға салды.
Мың алты жүзден аса тұрғыны бар ауылдық округте өзге елді мекендермен салыстырғанда демографилық өсім айтарлықтай жоғары. Жыл басынан бері мұнда 29 сәби өмірге келген.
Жаңаарықтық жергілікті тұрғындардың дені – кәсіпкер. Осы ретте мұнда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру да жақсы жолға қойылған. Аталған бағдарлама аясында соңғы 2 жылда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы» 20 адам 87,2 миллион теңге несие алған. Ал, «Бастау – бизнес» бағдарламасы бойынша (200) АЕК қаржы көлемінде 65 азамат жеке кәсібін бастаған.
☑️Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі