Халық жазушысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Софы Сматаев 80 жас мерей тойына орай шығармашылық кеші өтті

Биыл халық жазушысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Софы Сматаев 80 жаста. Осы тойдың аясында Алашқа аты мәшһүрқаламгердің шығармашылық кеші өтті. Оған ақын, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері жәнеоқырмандар қатысты

Софы Сматаев күллі Алаш жұртына атақты«Елім-ай» роман-трилогиясының авторы ретіндебелгілі. «Елім-ай» романы Ілияс Есенберлиннің«Көшпенділерінен» кейін қазақ әдебиетіне жарқ етіпкелген тарих тақырыбындағы туынды. Ұлттықпрозаға осындай олжа салған қаламгер Арқаныңтумасы. Сол себепті де оның шығармашық кешікеншілер шаһарының төрінде өтуі заңды дейді зиялықауым өкілдері.  Кешке облыс басшылығы қатысып, арнайы құттықтады.

 

 

 

Абзал НҮКЕН, Қарағанды облысы әкімініңорынбасары:

Құрметті Софы Қалыбекұлы, сізді 80 жылдықмерейтойыңызбен Қарағанды жұртшылығы менҚарағанды облысы әкімдігі шын жүректенқұттықтайды. Сіздің шығармаларыңыз нағызпарасатты, кемеңгерлікті жырлайды. Сіздің төлтуындыларыңызбен келешек ұрпақ сусындайды.

 

 

Софы Сматаев әдебиетке алғашында ақын болыпкелген. Оның «Астана оттары» деп аталатын өлеңдермен балладалары енген  тұңғыш кітабы бар. Олпрозада ғана емес, поэзияда да өз бағасын алғанқаламгер. Кеш барысында ол өз өлеңдерін оқыпберді.

Шығармашылық кеште поэзиядан бөлекклассикалық әндер шырқалып, шертпе күй шертілді. Соңында сексенге келген қазақтың аяулыжазушысына шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Сүйікті авторын іздеп келген оқырман да қошеметінаямады.

 

 Жомарт Шаймұрат