Павлодар мемлекеттік университетінде Ұлыбританиядан келген профессор сабақ береді
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 24-29 қыркүйек аралығында басқару стратегиясы, халықаралық жобалар, кәсіпкерлік және коммерциаландыру саласы бойынша халықаралық оқыту курстары өтіп жатыр. Курс тыңдаушыларына Ұлыбританияның Брюнель университеті Бизнес-мектебінің профессоры Абрахам Алтонаян дәріс оқиды.
72 сағаттық курстарға қатысатын тыңдаушылар сабақтардың жартысына аудиторияда қатысып, қалған жартысына қашықтықтан қатыса алады. Халықаралық курстардың тақырыбындағы қаржыландырылатын ғылыми жұмыстарға қатысуға өтініштерді жасау, коммерциаландыру бойынша тиімді бастамаларды әзірлеу бойынша ақыл-кеңес беріледі.
Қатысушылар, сонымен қатар, оқыту барысындағы кәсіпкерлік мәдениеті, стратегиялық менеджмент мәселелерін меңгереді. Курс тыңдаушаларына халықаралық деңгейдегі сертификаттар беріледі.
Айта кету керек, Брунель универститеті 1966 жылы ашылып, оған британ инженері, ХІХ ғасырдағы Өнеркәсіп төңкерісі кезіндегі белгілі тұлға Изамбард Кингдом Брюнельдің есім берілген. Брюнель университеті британдық техникалық және ғылыми инновацияның символы, сондай-ақ, осы елдегі жоғары оқу орындарының ішінде ғылыми зерттеулер, студенттерді тұратын орынмен қамтамасыз ету бойынша алдыңғы қатарда тұр.
Әлихан Рахметоллаұлы