ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ДҮКЕН
Аудан халқына арналған әлеуметтік дүкеннің жұмысымен таныстым. Жеке кәсіпкер «Темиргалиева Б.С.» Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан 5 млн. теңге көлемінде несие алып, тауарларды шекті бағада сатылымға шығаруда.
Алдағы уақытта ауданымызда әлеуметтік дүкендер санын көбейту жұмыстарын жүргізетін боламыз.
Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі