«Харекет» қайырымдылық қоры Қарағандыда ерлерге арналған сұлулық салонын ашты
Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» аясында «Харекет» қайырымдылық қоры Қарағандыда ерлерге арналған сұлулық салонын ашты. Ал, жұмыстан түскен қаражат аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмекке жұмсалады
«Харекет» қайырымдылық қорына демеушілер көмек көрсеткен. Қайырымды іске бөлінген қаражатқа Қарағандының оңтүстік-шығысында орын алынып, қажетті жабдықтар сатып алынған. Қала тұрғындарына төрт шаштараз қызмет көрсетеді.
Ақтоты ЖҮНІСОВА, «Харекет» қайырымдылық қорының өкілі:
— Бүгін біз «Барбершопты» аштық. Бұл өте жақсы іс. Барлық ақша қайырымдылыққа жұмсалады. Бізге демеушілер «Барбершопты» ашуға көмектесті. Барлық ақшаға халықтың тұрмысы төмен топтарына баспана сатып алатын боламыз.
«Харекет» қайырымдылық қорының мерейтойы аясында Теміртау қаласының тұрғыны Ақерке Берікбаеваға пәтер кілті табысталды. Бүгінде жалғызбасты әйел үш баланы тәрбиелеп отыр. Ақерке қор мүшелеріне дән риза.
Мадияр СЕРІКБАЕВ, «Харекет» қайырымдылық қорының құрылтайшысы:
— Бізде, қазақтарда, асар дәстүрі бар. Бұрын біз кішкентай кезімізде ауылда үй өртенді. Бүкіл ауыл жинаған деп айтады.
«Харекет» қайырымдылық қоры төрт жыл бұрын құрылған. Бүгінгі таңда ұйым Қазақстан бойынша 500-ден астам отбасына баспана сатып алуға көмектесті.
Жомарт Шаймұрат