Химия өндірісі мен аграрлық салаға серпін керек
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының өнеркәсіптің зор мүмкіндіктерін толық пайдалануды тапсырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына да серпін беруді жүктеді.
— Индустрияландыру жобаларын іске асыруда заманауи технологиялық өндіріске басымдық беру керек. Өңдеу өнеркәсібіне, әсіресе химия кластеріне ірі инвесторларды тарту қажет. Облыста 2016 жылы «ЕуроХим» компаниясының жобасы бойынша фосфор өндірісінің бірінші кезеңі аяқталды.
Минералды тыңайтқыш өндірісінің екінші кезеңі Жаңатас қаласында іске асыру 2021 жылға шегеріліп отыр. Сонымен қатар 2020 жылға қарай химия кешенін газбен қамтамасыз ету үшін «ЕуроХим» жобасының екінші кезеңін мерзімімен аяқтау керек.
Бұл – химия саласындағы өте ірі инвестициялық жоба, сондықтан Үкімет пен әкімнің назарында болуы керек. Үкімет пен әкімдік қажетті инфрақұрылымдардың тартылуын бірге қамтамасыз ету керек. Инфрақұрылымдар тартылмай жоба жүзеге аспайды.
Аймақтағы «Тараз» Химия паркі» еркін экономикалық аймағы өндірістің «Даму нүктесі» болуы керек еді. Бүгінгі күнге тек бір ғана жоба жүзеге асып отыр, ендеше еркін экономикалық аймақтың инфрақұрылымына 27 миллиард теңге қалай жұмсалған?
Сондықтан Үкімет пен әкімдік аталған еркін экономикалық аймақта жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлар тарту керек. Алдымен құрылысы жоспарланған қант зауытының жұмысын ширату керек.
Жуырда Үкімет гербицидті импорттауды қорғау шараларын енгізді. Бұл аймақтар үшін отандық гербицид өнім көлемін арттыруға үлкен мүмкіндік береді, — деді Президент.
Ал аграрлық салада Қасым-Жомарт Кемелұлы индустрияландыру жобаларын іске асыруда заманауи технологиялық өндіріске басымдық беруді баса айтты.
— Өңдеу өнеркәсібіне, әсіресе химия кластеріне ірі инвесторларды тарту қажет. Облыста 2016 жылы «ЕуроХим» компаниясының жобасы бойынша фосфор өндірісінің бірінші кезеңі аяқталды.
Минералды тыңайтқыш өндірісінің екінші кезеңі Жаңатас қаласында іске асыру 2021 жылға шегеріліп отыр. Сонымен қатар 2020 жылға қарай химия кешенін газбен қамтамасыз ету үшін «ЕуроХим» жобасының екінші кезеңін мерзімімен аяқтау керек.
Бұл – химия саласындағы өте ірі инвестициялық жоба, сондықтан Үкімет пен әкімнің назарында болуы керек. Үкімет пен әкімдік қажетті инфрақұрылымдардың тартылуын бірге қамтамасыз ету керек. Инфрақұрылымдар тартылмай жоба жүзеге аспайды.
Аймақтағы «Тараз» Химия паркі» еркін экономикалық аймағы өндірістің «Даму нүктесі» болуы керек еді. Бүгінгі күнге тек бір ғана жоба жүзеге асып отыр, ендеше еркін экономикалық аймақтың инфрақұрылымына 27 миллиард теңге қалай жұмсалған?
Сондықтан Үкімет пен әкімдік аталған еркін экономикалық аймақта жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлар тарту керек. Алдымен құрылысы жоспарланған қант зауытының жұмысын ширату керек.
Жуырда Үкімет гербицидті импорттауды қорғау шараларын енгізді. Бұл аймақтар үшін отандық гербицид өнім көлемін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.
дамыту. Елбасы еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есе ұлғайту туралы мақсат қойды. Облыстың географиялық жағдайы жаңа нарықтарды игеруге қолайлы. Бұл – өте жақсы мүмкіндік!
Облыста қант қызылшасы мен жеміс-көкөніс дақылдарының көлемін көбейтуге мол мүмкіндік бар. Үкімет келесі жылдан бастап шетелден әкелінетін шикі құрақ қантына импорттық баж салығын салу туралы шешім қабылдады. Осыған орай, облыс әкіміне қант қызылшасы және жеміс-көкөніс дақылдарының егіс көлемін ұлғайту және өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттыруды тапсырамын.
Облыста ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы жолға қойылған. Сүт өңдеуші кәсіпорындардың жүктелімі 38%-дан 56%-ға, ет өңдеуші кәсіпорындарда 19%-дан 35,2%-ға артқан.
Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған бастамаға мемлекеттік қолдау көрсете отырып, басқа да өңірлерге таратуы қажет. Сондықтан облыс әкімдігі агросектордағы азаматтармен үнемі байланыста болып, қолдау көрсетуі қажет, — деді Мемлекет басшысы.
Төлен Дедек