ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Әулиеата өңірі химия өндірісінің ошағы саналады. Бұл салада мыңдаған адам экономиканың өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан химия өнеркәсібі саласы өндірісшілерінің өнімді еңбектері елеусіз қалған емес.
Бүгін Сарысу ауданының орталығы — Жаңатас қаласының мәдениет орталығында айтулы мереке қарсаңында сала үздіктері марапатталып, сый-құрмет көрсетілді. Жұмысшылар арасында еселі еңбегімен көзге түскен бірқатар азаматтарға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыстады.
Тау қопарып, тас жарған кеншілер мерекесі әсем ән мен әдемі биге ұласты.

Талас ауданы әкімдігі