Христиандық «ПАСХА» мерекесі тойланды
Мемлекетімізде дінаралық татулық пен ұлтаралық келісім нық орнаған. Тілі басқа болсада тілегі бір, түрі басқа болсада жүрегі бір ұлттар бейбіт аспан астында өмір сүріп келеді.
Бүгінгі христиан діні өкілдерінің Пасха мерекесі де — бірлік пен татулықты көздейді.
Сондай-ақ, Атырау қаласының Құрманғазы мәдениет үйінде «Былина» этномәдни бірлестігінің төрағасы А.Короблев атаулы мерекені дәстүрлі түрде ұйымдастырды.
Шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары және мүшелері, қала тұрғындары мен қалалық мектеп-интернат балалары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл мереке барысында қаламыздағы жеке қолөнершілердің қол-өнер бұйымдарынан көрме жайылып, келген қонақтарға ескерткіш сувенирлер ұсынылды.
Сонымен қатар, мерекеде дәстүрлі әндер шырқалып, өлеңдер оқылып, өнерпаз балалардың театрландырылған көрінісі тамашаланды.
Мерекелік бағдарламаны қорытындылау кезінде балалар пасхалық жұмыртқа мен пасхалық тәтті бөлкелерді залдағы көрермендерге таратты.
Мерекеге жиналғандар Егеменді елімізге бейбітшілік пен тыныштық тіледі. Халықтар достастығы әлемге үлгі болған мемлекетіміздің бірлігі мен тұрақтылығы артып, гүлденіп дами берсін ағайын!
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі