И.Ильин мен елдің болашақ тағдыры қанадй болмақ?

Бұл сауалдарға жауап берген танымал экстрасенс Әлия Сәлімова: «Спорттан шеттетілу жалғыз Ильяның ғана емес, басқа да спортшылардың басынан өткен жәйт. Мәселен, соның кесірінен зілтемірден еліміздің қыздар құрамасы да спорттан кетуге мәжбүр болды. Ильяның алдағы спорттық мансабына келсек, алдағы жылы ол спортқа қайта оралуы әбден мүмкін және бұл жыл ол үшін табысты әрі жетістігі мол жыл болмақ. Спортшы өте табанды әрі жігерлі, сондықтан ол осыған дейін жоғалтқан барлық медальдарын қайтарып алу үшін аянбай еңбек етіп, тер төгетін болады және ол сол мақсатына жетеді де.

Илья медальдарын қайтарып алады. Мұндай оң өзгерістер келесі жылдың көктемінен, шамамен наурыз айынан басталуы мүмкін. Ал, Токио олимпиадасына келер болсақ, Ильин оған қатыса алмайды, десе де, болашақта оны бапкер ретінде көруіміз әбден мүмкін»,— деп, әрі қарай келер жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиадаға қатысты: «Қазақстан құрамасы орташа деңгейде өнер көрсетеді. Медальдарға келер болсам, бір «жоғары деңгейдегі» медаль көріп тұрмын. Бұл алтын немесе күміс медаль болуы мүмкін. Ал, Токиоға спортшыларымыз зор дайындықпен барады. Онда ел спортшылары 4 бірдей алтын мен бірнеше күміс медальдарға қол жеткізуі ықтимал.

Жалпы, 2020 жылғы жазғы олимпиадада спортшылар биіктен көрінеді деген болжам жасап отырмын»,— деп үміттендіріп қойды. Ал ел тағдырына қатысты болжамын:

«Алдағы 4-5 жылда Ресей қарқынды дамитын болады, онымен бірге Қазақстанда да көркейіп, гүлдене түседі. Болашақта Қазақстан әлемдегі дамыған әрі ауқатты 4 елдің қатарына енеді. Әрине, бірер жылдан кейін емес, шамамен 15-20 жылдан кейін республикамыз таңғаларлық жетістіктерге жетіп, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналады. 2018 жыл Қазақстан үшін жайлы жыл деген болжам жасап отырмын. Мәселен, егіс бітік шығып, тұрғындар шетелге демалысқа көптеп барады. Сол сияқты, экспорт көлемі артады. Жалпы елде тұрақтылық сақталып, тұрғындар бейбіт өмір сүретін болады»,— деген пікірмен түйіндеді. Несі бар: «Көріпкелдің айтқаны айнымай келгей!»— дейміз де.

Ермек Сахариев