Иә, қыркүйек айы келіп, күз түскенде оқушылар асқақ арман, үкілі үмітпен білім алу мақсатында алтын ұяға беттейді.

«Ұстаз болу өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай, әне-міне, дегенше 2023-2024 жаңа оқу жылы да басталмақ.
Биылғы жаңа оқу жылында аудандағы 35 мектепте 9870 оқушы оқитын болады.
Оның 919 ы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ.
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Жақсылық жасайық!» атты айдармен өткізілуде.
Қазіргі таңда демеушілер тарапынан ішінде мектеп формасына 98 оқушы,спортты киіммен 43 оқушы және де оқу-құрал жабдықтарына 145 оқушы қамтылды.
Расында да әлемдік білім бәсекесіндегі қабілеттілік бүгінгі бүлдіршіндерден бастау алады.
Ал, балғындар дер кезінде лайықты білім алып, бағытын айқындап алса, бағындырар биік те алыс емес.
Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-аналардың да, мұғалімдердің де жауапкершілігі күшейе түсетіні анық.
Бұл жергілікті биліктің де назарынан тыс қалмайтын мәселе. Осы мақсатта бүгін «Аманат» партиясының депутаттары аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын зерделеді.
Зерделеу барысында мектептерді аралап, мектеп басшыларымен кездесіп, қысқа дайындық жұмыстарымен танысты.
Тәуелсіз еліміздің білімді де мәдениетті жастарын тәрбиелеу, өскелең ұрпаққа айқын жол сілтеу-мұғалімдердің ең ізгі міндеті әрі парызы.
Ендеше, осы жолды таңдаған жандардың кездескен қиындықтарды жеңе біліп, оқушыларға жан-жақты білім беріп, үлкен жетістіктерге жете беруін тілейміз!