Игерілмеген жерлер иесін табуы тиіс

Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында жердің бос жатпай ел игілігіне айналу қажеттігіне назар аударып, Үкіметке нақты міндет жүктеп келеді. Мәселен, 2020 жылғы қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы» деп атап көрсетті. Сондай-ақ 2021 жылғы қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында да «Ғарыштық мониторинг және қашықтықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен қолдану керек. Жайылымдық жерді тиімді пайдалану өте маңызды. Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені мұндай алқаптарды белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, батыл шешімдер қабылдауға тиіс. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудару қажет», деп нақты міндет жүктеді. Президент пәрменінен кейін сең қозғалып, барлық облыста игерілмей жатқан жерді мемлекетке қайтару жұмыстары қарқын ала бастады. Былтырғы қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында да аса өзекті мәселені тағы бір атап көрсетіп, игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның жұмысына жеке тоқталып, 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылғанын, жыл соңына дейін 5 миллион гектар жер мемлекет қарамағына өтетінін атап көрсетті. – Бірінші, облыстағы жер көлеміне тоқталып өтейін. Облыстың әкімшілік аумағы былтырғы 1 қарашаға 14427,5 мың гектарды құраған, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 4675,8 мың, елді мекендер жері – 845,2 мың, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер – 174,9 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11,6 мың, орман жер қоры – 4429,0 мың, су қорының жерлері – 356,1 мың гектар және босалқы жерлер 1463,3 мың гектар болып қалыптасты. Президенттің 2021 жылғы Жолдауында атап көрсеткен жайылымдық жерді пайдаланудың маңыздылығын ескеріп, жайылым жетіспеушілігін анықтау мақсатында облыстың прокуратура органдарымен бірлесіп, зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде, елді мекендерге 683 мың гектар жайылым жетіспеушілігі анықталды. Қазіргі кезде мәселені жүйелі түрде шешу үшін 5 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жер Кодексінің 36-бабына сәйкес ауылдық округ теңгеріміне босалқы жерлер санатындағы жайылым жерлерді елді мекенге беру жұмыстары басталды. 2021 жылы жалпы республика бойынша 1,8 миллион гектар жайылымдық жер қайтарылды, оның 730,2 мың гектары жергілікті халыққа пайдалануға берілді. Оның ішінде біздің облысымызға 227,5 мың гектар, ал 2022 жылы 170,0 мың гектар ауылдық округтерге бекітіліп берілді. Ортақ жайылым жерлердің пайдалануға беріліп кеткен бөлігін елді мекендерге қайтарып беру жүргізілуде. Осы жерлер және елді мекендер аумағына 5 шақырым радиуста жақын орналасқан 199,6 мың гектар жайылым жерлерді ауылдық округтерге бекітіп беру басталды. 2021 жылы 13,6 мың гектар, 2022 жылдың 12 айында 24,1 мың гектар беріліп, жұмыс жалғасуда. Мал басы көп тұрғындардың малын орман қоры жеріне шығару ұйымдастырылуда. Орман қорындағы 1,08 миллион гектар жайылымға 242,9 мың мал басы шығарылды. Жер пайдаланушылармен өнімі жиналып алынған жерлерге кедергісіз мал жаюға Меморандум жасау жұмыстары жүргізілуде. Көлемі 486,5 мың гектар болатын 2071 шаруа қожалығымен меморандум жасалды, – дейді облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов. Игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы 252,3 мың гектар жайылым жердің 2021 жылы 106,3 мың, былтыр 201,0 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Былтырғы қыркүйектегі Жолдауда жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі міндеттелді. Осы жүйе арқылы 415,8 мың гектар жердің игерілмегені анықталып, тексеруге ұсынылыпты. Нәтижесінде 129,5 мың гектарға мал басы қайта тіркелген. Игерілмеген жер көлемі 254,7 мың гектар болып, оның 103,5 мың гектарына нұсқама берілген. Биыл 200,0 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруға жоспар жасалып, бекітілген. Осындай жұмыстың нәтижесінде 2021- 2022 жылдары елді мекен жайылымы 363,0 мың гектардан 741,0 мың гектарға дейін ұлғайған. Биыл қосымша 69,3 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жетіспеушілік 195 мың гектарға дейін төмендепті. Малды жайып, бағуды ретке келтіруде Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Заңның талаптарына сәйкес, әрбір елді мекен бойынша жайылымдарды пайдаланудың тәртібі мен сызбасы әзірленіп, бекітілген. Басқарма тарапынан инвестициялық- инновациялық жобаларды жер ресурстарымен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау да жүйелі түрде атқарылып жатса керек. Агроөнеркәсіптік және коммерциялық нысандарды орналастыру үшін олардың нысаналы мақсатын белгілей отырып, жер мен аумақты аймақтарға бөлу сызбасы барлық ауылдық округ бойынша көлемі 17,1 мың гектарға жасалып, облыстық мәслихаттың сессиясында бекітіліпті. Осындай сызбаны Алматы облысы 505 миллион теңгеге жасаса, бұл жұмысты облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына бөлінген 100 миллион теңгеден аса қаржыға жасаған. Осылайша бюджет қаржысы үнемделген.. Қай заманнан бері халықты жер асырап келеді. Сондықтан да бір қарыс жер бос жатпауы керек. Мемлекет басшысы міндеттеген мәселені облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы жүйелі түрде атқарып отырғаны көңіл қуантады. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов те бұл өзекті мәселені шешуді әкімдіктің кеңестеріне күн тәртібіне шығарып, тиісті басқармаларға, аудан әкімдеріне жүктеп келеді. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек те Жуалы ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы шаруалар мен ауылдық окуг әкімдерінің қатысуымен өткен жиында көктемде барлық жер толық игерілуі тиіс екенін еске салды. Мемлекет басшысы бос жатқан жерді мемлекетке қайтаруды, оны ел игілігіне айналдыруды міндеттеп отырғанда бұл өзекті мәселені шешуде аудан және ауылдық округ әкімдеріне де үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әсіресе жергілікті жердегі басшылар «Қайтқан малда қайыр бар» дегендей бос жатқан жерді мемлекет есебіне қайтаруға үлес қосумен қатар, оны игеруге шаруаларды жұмылдыру керек. Былтыр құны 106403 миллион теңгені құрайтын инвестициялық-инновациялық жобалар үшін 16458 гектар жер учаскелері рәсімделіп, табысталған. Атап айтқанда, Сарысу ауданы аумағында «Qazaq Soda» ЖШС-на – 2 903, «Qazaq Bio Product» ЖШС- на 2 710, Қордай ауданы аумағында «Шокпар Гагаринское» ЖШС-на – 1 505, Жамбыл ауданында «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС- на – 624,9, Жамбыл және Жуалы ауданы аумағынан қарқынды бақ өсіруге «Coknur Gida» компаниясына – 1700 және «Шағал майнинг»ЖШС-на–563гектаржеручаскелері берілген. Сонымен қатар жаңартылған энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіруге жер учаскелері берілуде. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында қуаты 50 мегаватт «AES ASA» күн электр стансасы, Талас ауданында «ВЭС Шенгельды» ЖШС «35,5 мегаватт болатын электр стансасы, Мойынқұм ауданында «Total Eren» ЖШС-на 1000 мегаватт жел электр стансасын салу үшін, 2000 гектар жер берілген. 2021 жылы 21 жер қойнауын пайдаланушыға – 413,7, оның ішінде құм-шағал қоспасын өндіруге – 185,5, гранит өндіруге – 26, шашыранды алтын және алтын өндіруге – 81,9, әктас өндіруге – 40,9, мыс өндіруге – 36, гипс өндіруге – 6,9, топырақ және саз топырақ өндіруге – 36,5 гектар жер учаскесі берілген. Ал былтыр 19 жер қойнауын пайдаланушыға – 3030,1 оның ішінде құм-шағал қоспасын өндіруге – 150,6, гранит өндіруге – 11,1, алтын өндіруге – 47,8, мыс өндіруге – 127,5, гипс өндіруге – 628,3, топырақ және саз топырақ өндіруге – 285,5, фосфор өндіруге – 175, қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін 1 604,4 гектар жер учаскесі беріліпті. Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің жайылым алқаптары тұрғын халықтың малын жаю үшін ауылдық округтерге бекітіліп беріліп жатыр, ал қалған жерлер конкурс арқылы берілуде. Жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 2022 жылы 14 конкурс ұйымдастырылған. Конкурссыз бау-бақша өсіру үшін 654 азаматқа 1 гектар жер телімінен таратылған. Кәсіпкерлік мақсатта 119 жер учаскесі аукционға шығарылып, 112,9 миллион теңгеге бағаланып, сатылған. Елімізде Республика Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы No827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, қолданысқа енгізілген. Бүгінде осы құжат аясында үздік технологиялар мен озат тәжірибелер негізінде барлық салада цифрландыру шаралары атқарылып жатқан көрінеді. Цифрландыру өз кезегінде барлық салалардағы жаппай бюрократияны жоюды көздейді. Дегенмен Мемлекет басшысы биылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде сөйлеген сөзінде осынау маңызды шараның өз жемісін бермей отырғандығын атап өтті. Осы орайда ел Президенті ақпараттық жүйені интеграциялау мемлекеттік органдарды қағазбастылықтан арылтып, қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін арттыру тиіс деп атады. Бизнеске жер учаскелерін таңдау және бөлу рәсімдерін цифрлық форматқа көшіру бағытында облыста «E-Jambyl» доменді атаумен өңірлік геоақпараттық жүйе құрылды. Жүйеде облыстың барлық аудан, ауылдық округ және қала кескінінде бос жер учаскелерін көру мүмкіндігі қарастырылған. Өңірлік геоақпараттық жүйеде халыққа қол жетімді ақпарат алу мақсатында облыс аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған 1,1 миллион гектар бос жер учаскелері орналастырылса, оның 25 мың гектары егістік және 7 мың гектары шабындық жер көрінеді. Сондай-ақ кәсіпкерлік мақсаттағы бос жер учаскелері де орналасқан. Бұл өз кезегінде аудан, қала тұрғындары кәсіпкерлікпен айналысуға ниеті бар азаматтарға жер учаскесін көруге және таңдауға қолжетімді. Малды жайып, бағуды ретке келтіруде Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Заңның талаптарына сәйкес, әрбір елді мекен бойынша жайылымдарды пайдаланудың тәртібі мен сызбасы әзірленіп, бекітілген. Сонымен қатар облыс тұрғындарының жерге кезектілігі электронды жүйеге көшіріліп, оған Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры сайты арқылы қол жетімділік қамтамасыз етіліпті. Сайтқа кез келген азамат өзінің жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы кіре алады. Қай заманнан бері халықты жер асырап келеді. Сондықтан да бір қарыс жер бос жатпауы керек. Мемлекет басшысы міндеттеген мәселені облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы жүйелі түрде атқарып отырғаны көңіл қуантады. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов те бұл өзекті мәселені шешуді әкімдіктің кеңестеріне күн тәртібіне шығарып, тиісті басқармаларға, аудан әкімдеріне жүктеп келеді. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек те Жуалы ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы шаруалар мен ауылдық окуг әкімдерінің қатысуымен өткен жиында көктемде барлық жер толық игерілуі тиіс екенін еске салды. Мемлекет басшысы бос жатқан жерді мемлекетке қайтаруды, оны ел игілігіне айналдыруды міндеттеп отырғанда бұл өзекті мәселені шешуде аудан және ауылдық округ әкімдеріне де үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әсіресе жергілікті жердегі басшылар «Қайтқан малда қайыр бар» дегендей бос жатқан жерді мемлекет есебіне қайтаруға үлес қосумен қатар, оны игеруге шаруаларды жұмылдыру керек.

Амангелді Әбіл, Ақ жол