Игілікте асарлатып салынған үй пайдалануға берілді

Қайырымдылық ісіңнен көрінеді. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, мұқтаж жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Себебі, ағайынның тірлігі асармен бітеді. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Осы орайда, жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасына сәйкес, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтың ұйытқы болуымен асар жобасы аясында тағы да бір отбасы баспаналы болды.

Қуанышқа ортақтасқан аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов асар жобасына атсалысқан Игілік ауылдық округі әкімінің алғыс хатымен ауыл тұрғындары Жамбыл Досаев,Бәйтік Тоқжұманов, Сарсенәлі Ақболтаевтарды марапаттады.
Содан соң, ауыл ақсақалдар сөз сөйлеп, ақ баталарын берді. Игілік өнер мектебінің өнерпаздары әннен күйден шашу шашып, үй егесі Танакүл Шайқыстанованың ізгі лебізі тыңдалды.
Соныман қатар асарға демеушілік көрсеткен Игілік өндірістік кооперативі мен Игілік өнер мектебінің ұжымына және ауыл тұрғындарына алғысымызды білдірдік.

Жандос Жанайдаров, Игілік ауылдық округінің әкімі