ІЛИЯ ЖАҚАНОВ — «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ»

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жерлесіміз, танымал жазушы, композитор, музыкатанушы, аудармашы, суретші Ілия Жақановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Бұл сүйінші хабарды бүгін аудан әкімінің қорытынды есебіне қатысқан облыс басшысы Бердібек Сапарбаев көпшілікпен бөлісті.
Қалың қазаққа «Жайлаукөл кештері», «Әселім», «Толағай», «Еділ мен Жайық», «Меңді қыз», «Нені ойладың», «Асылым», «Көгілдір Көлме» секілді сазды әуенді әндерімен танылған тұлға биыл 86 жасқа толады.
☑️Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі