Имам Шафиғи айтқан…

Имам Шафиғи айтқан:

 Тамақ жеудің төрт түрі бар:
1) Бір саусақпен жеу бұл — кірпияздықтан;
2) Екі саусақпен жеу бұл — тәкаппарлықтан;
3) Үш саусақпен жеу бұл — сүннет;
4)Төрт саусақпен және бес саусақпен жеу — қомағайлықтан.

 Төрт нәрсе тәнге қуат береді:
1) Ет жеу;
2) Иіс су иіскеу;
3) Жыныстық қатынасқа түспесе де ғұсыл алып тұру;
4) Кетеннен киім кию.

 Төрт нәрсе тәнді әлсіретеді:
1) Көп уайым;
2) Көп жыныстық қатынасқа түсу;
3) Ашқарынға көп су ішу;
4) Қышқыл нәрселерді көп жеу.

 Төрт нәрсе көру қабілетін күшейтеді:
1) Құбылаға қарап отыру;
2) Ұйқы алдында көзге сүрме жағу;
3) Жасылға қарау;
4) Киімді таза ұстау.

 Төрт нәрсе көру қабілетін нашарлатады:
1) Лас нәрсеге қарау;
2) Дарға асылған кісіге қарау;
3) Әйелдің әуретіне қарау;
4) Құбылаға арқасын беріп отыру.

 Төрт нәрсе жыныстық қабілетті арттырады:
1) Торғай етін жеу;
2) Итрифил-акбар (бірнеше заттың қосындысынан жасалған дәрі түрі) қабылдау;
3) Пісте;
4) Ақжелкен.

Ұйқы төрт түрлі болады:
1) Шалқасынан жату бұл — Пайғамбарлардың ұйқысы (олар аспан мен жердің жаратылысы жайлы ой жүгіртіп жатады);
2) Оң жақпен жату бұл — ғалымдар мен ғибадатшыл құлдардың ұйқысы;
3) Сол жағымен ұйықтау — патшалар тамақтары қорытылу үшін осылай ұйықтайды;
4) Етпетінен ұйықтау бұл — шайтандардың ұйқысы.

 Төрт нәрсе ақылды арттырады:
1) Артық сөзді доғару;
2) Мисуак қолдану;
3 және 4) Салиx кісілермен және ғалымдармен бірге отыру.

 Төрт нәрсе ғибадат болып есептеледі:
1) Дәретсіз адым атпау;
2) Көп сәжде жасау;
3) Мешіттен қол үзбеу;
4) Құран оқу.

Даулет Кабидолдин фб парақшасынан