Иман — қой, ақыл — қойшы, нәпсі — бөрі

Шал ақын
Иман — қой, ақыл — қойшы, нәпсі — бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Ала алмас ешбір нәрсе: шайтан, пері.