Иммунитетті көтеретін қоспа
3 дана лимон мен 100 грамм орман жаңғағын (фундук) еттартқыштан өткізіңіз. Оған 5 ас қасық таза бал қосып, біркелкі болғанша жақсылап араластырады. 3 күн тоңазытқышта сақтаңыз. Иммунитетті көтеретін қоспа әзір. Оны 1 ас қасықтан күніне 3 рет қолдану керек.
Лимон, жаңғақ, бал қоспасы жүрек, ішек жұмысы ұщін де өте пайдалы.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.