ИНДОНЕЗИЯ ҒАЛЫМЫ АРҚАЛЫҚҚА КЕЛДІ
«Шетелдік ғалымдарды тарту» бағдарламасы бойынша оқу ордамызға Индонезияның Сұлтан Сайриф Қасым Риау мемлекеттік университетінің ғалымы, доктор Мұхаммед Лутфи Хамза шақырылды.
Ғалым Жаратылыстану және информатика факультетінің студенттері үшін дәріс оқып, практикалық сабақтар мен семинарлар жүргізіп жүр.
Профессор Лутфи Хамза ақпараттық жүйе мәселелерімен, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен, ақпараттық жүйелерді тестілеу және енгізу бойынша зерттеулермен айналысады.
Ғалыммен арнайы кездесу барысында екі ЖОО арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми зерттеулерді бірлесе жүргізу мәселелерін талқыладық.