Инновациялық үдерістегі озық тәжірибе — өзгелерге үлгі

Медициналық- санитарлық алғашқы көмек инновациялары Халықаралық Конгресс МСАК бойынша Алматы декларациясының 44 жылдығы және Астана декларациясының 4 жылдығына арналған екі күндік конференция Жамбыл өңірінен бастау алды.


Екі күнге жоспарланған конференция жұмысы аясында еліміздің барлық аймағынан жиналған медицина саласының қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында ауданымызға келді.


Маусым айында ауданға іс-сапармен келген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аудандық орталық аурухана жанынан құрылған бастапқы медициналық — санитарлық көмек көрсетудің үздік тәжірбиелер орталығының ашылу салтанатына қатысып, аудандық орталық ауруханаға Үздік алғашқы медициналық практикасы Сертификатын табыстаған болатын.


Орталықта қазіргі таңда отбасын жоспарлау және баланың даму бөлмесі, дәрігерге дейінгі бөлме, сонымен қатар пациенттерді қолдау қызметі, тұрғындарға шұғыл көмек көрсетуді оқыту кеңсесі сияқты медициналық бөлімдер аудан жұртшылығына қызмет көрсетеді. Мұндай орталықтар бүгінгі таңда еліміздің санаулы өңірлерінде де ғана ашылған. Ал, Жамбыл облысы бойынша Талас және Меркі аудандарында ашылған медициналық- санитарлық көмек көрсетудің үздік тәжірбиелер орталығы денсаулық сақтау саласының озық инновациялық үлгісі десек қателеспейміз.


Ауданда алғашқылардың бірі болып ашылған аталмыш орталықтың жұмысымен танысу, тәжірибе алмасу мақсатында келген топ мүшелері алдымен аудандық емханаға ат басын бұрды. Қонақтарды бастап жүрген аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Гүлнара Каленова орталықтың қызметімен таныстырды. Алғашқы медициналық – санитарлық көмек сапасын арттыру мақсатында неғұрлым жетілдірілген инновациялық технологияларды енгізу, қызмет алушылар мен денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы қашықтықты қысқарту бағытындағы тәжірбиелерімен бөлісті.

Конференция барысында «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығы Атырау облыстық филиалының директоры Кульшара Джумагалиева аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Г.Каленованы денсаулық сақтау саласында иновациялық бағыттағы үздік қызметі үшін «Абзал жан» медалімен марапаттады.
Екі күнге жоспарланған ко­ференция жұмысы аясында ауданға арнайы келген сала қызметкерлері мұнан соң Есейхан ауылына барып, ондағы дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты

Талас аудан әкімдігі