INQAAHE халықаралық делегациясы елордалық жоғары оқу орнына барды
Қазақстанда британдықтардан кем емес жоғары оқу орындары бар
1 маусым күні «Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы 2030» тақырыбында жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісінің (INQAAHE) 17-ші халықаралық конференциясының делегациясы Maqsut Narikbayev University-ге келді.
Әлемнің 97 елінің жоғары оқу орындарын біріктіретін, 300 ұйымнан тұратын INQAAHE дүниежүзілік қауымдастығының қатысушылары бағдарламаға сәйкес конференцияның соңғы күні аясында елорданың жоғары оқу орындарына барды.
Maqsut Narikbayev University-ге сапары барысында қонақтар оның тарихы, қызметі, білім беру бағдарламалары, мектептері, ғылыми институттары және зертханалармен, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық тәжірибесімен және жалпы университет өмірімен танысты. Конференцияға қатысушылар үшін университет ішінде экскурсия мен университеттік және ұлттық дәстүрлері көрсетілді.
Осыған байланысты, Maqsut Narikbayev University провосты Сергей Пен университетті аккредиттеуге қатысты бірнеше сұрақтарға жауап беріп, конференцияға қатысушылардың сапарынан кейін өз пікірімен бөлісті.
«Қазіргі уақытта біздің университет институционалдық аккредитацияға ие. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларының басым бөлігі Германияның Бонн қаласында штаб-пәтері орналасқан FIBAA халықаралық еуропалық агенттігінің аккредитациясын алған. Аккредиттеу процесі ескертусіз өтті. Сонымен қатар, университет бағдарламалары ТМД елдерін қоса алғанда, халықаралық аккредиттеумен айналысатын Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігімен мойындалған», — деді Сергей Пен.
Университет провостының пікірінше, әрбір ЖОО аккредиттеуді жүргізетін агенттікті дербес таңдайды. Бұл мәселе тәуекелдерді кешенді бағалау, осы талаптарға сай болу қабілеті және басқа да факторлар негізінде шешілуі тиіс. Агенттіктің тізілімде болу фактісінен басқа, оның беделі, халықаралық тану дәрежесі, қолданылатын әдістемесі мен принциптілік және т.б. сияқты қосымша критерийлер бар.
«Қолда бар аккредиттеулерден басқа, біздің университет қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы жоғары оқу орындарының 90% аккредиттейтін және халықаралық аккредиттеу форматына ие QAA Британдық аккредиттеу агенттігінде алдын ала бағалаудан (ѕсоріпд stage) өтіп жатырмыз. Бұл біз үшін маңызды сынақ, өйткені біз алғаш рет Британдық стандарттарға тап болдық. Аккредиттеуден өту өте маңызды, өйткені ол бізге бизнес-процестерді жақсартып, оңтайландыруға көмектеседі. Сондай-ақ сарапшыларға даму әлеуетін көрсетуге, нені жақсартуға болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз Қазақстанда жоғары білім сапасының халықаралық деңгейіне және жоғары Британдық стандарттарына сәйкес келетін университеттер бар екенін дәлелдегіміз келеді. Сондықтан біз QAA-да аккредитациядан өтуді мақсат етіп отырмыз. Қазіргі уақытта біз алдын-ала кезеңді аяқтаймыз (ѕсоріпд stage) және бізді Ұлыбританиядан келген қызметкерлер, студенттер және сарапшылармен сұхбат күтіп тұр. Біз бұл процеске дайын екендігімізге сенімдіміз», — деп атап өтті Сергей Пен.
Maqsut Narikbayev University Қазақстан тарапынан Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің ұйымдастырушылық серіктесі.