Инстаграмда саудаңды қыздырсаң, салық салынбайды
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте үшінші салық кодексін таныстырған Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов:
«Жаңа салық кодексі бірінші қаңтардан күшіне енді. Оған сай, әлеуметтік желіде (инстаграмда) сауда-саттық жасайтындар бюджетке салық төлеуден босатылады. Бірақ олардың қызметі бақылаусыз болмайды. Олар арнайы электронды алаңда тіркеліп, тауардың төлемін қолма-қол ақшасыз, электронды түрде жүргізуі шарт. Ал пәтерін жалға берушілерге Ал пәтерін жалға тапсырушылардың табысына 1 пайыз салық салынады. Осы арқылы министрлік оларды көлеңкеден шығаруға ниетті.
Салық жүктемесі екі есе төмендеп отыр. Енді қымбат дегендер, қымбат емес екенін көреді. Тағы бір мәселе — есеп тапсыру, анықтама тасу. Ол жұмысты мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп біз атқарамыз. Салық төлеу арзан ғана болып қоймай, төлеудің өзі ыңғайлы болады. Сонда пәтерін заңсыз жалға берушілер саны күрт азаяды деп ойлаймыз.
Көбі заңды төлеуге дайын. Олар бізге қарапайым рәсім жасаңдар және құны үлкен болмасын деген өтініш білдіреді. Біз оладың осы өтінішін орындауды мақсат етіп отырмыз»,— деді.