Интеллект – жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті
Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Интеллект — адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.
Жастар басқармасы жастар арасында интеллектуалды жастарды дамыту мақсатында қазақтілды аудитория үшін «Qaz IQ» ойынын қолға алып, дамытып келеді.
Жоба екі жылдың ішінде біршама аудитория жинай білді. Тек облысымыздағы жастарды ғана емес көршілес жатқан аймақтардың жастарын қызықтыруда.
Жастардың ұсынысына сәйкес 2022 жылы «Qaz IQ» интеллектуалды ойынын Тараз қаласы мен барлық аудандарында іріктеулер өткізіп, жеңімпаздарын облыстық ойынға басын біріктірдік. Іріктеу ойындарына 1 мыңнан аса жас қамтылды.
Ақтық ойын ағымдағы жылдың 19 шілдесінде «Грант Рояль» мейрамханасында республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Ойынға Тараз қаласы мен аудандық іріктеулердің жеңімпаздары мен қатар Шымкент қаласы мен Түркістан, Қызылорда және Батыс Қазақстан облысының құрама топтары қатысты.
«Qaz IQ» жобасының жеңімпаздарына 1,2,3-орындар мен «Үздік команда», «Үздік капитан» және «Үздік талпыныс» номинацияларымен марапатталды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Serikbol Qaıratuly Berikqoja