Интернат тәрбиеленушілерінің жаңа жылдық кеші
Бүгін Саудакент аулындағы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі жанындағы интернат тәрбиеленушілерінің жаңа жылдық мерекелік кеші өтті.
Аталған жаңа жылдық шараға аудан әкімі Мамытов Сәкен Үмбетұлы арнайы қатысты. Интернатта тәрбиеленуші бүлдіршіндерді Жана жыл мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен барлық армандарының орындалуын, барынша жақсы оқып, сапалы білім алып, мақсаттарына жете берулеріне тілектестігін білдірді. Балалармен бірге мерекелік шыршаның жарығын жақты.
Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы интернаттағы 56 балаға жаңа жылдық сыйлықтар үлестіріп, мерекелік дастарханда мерекелік торт пен тәтті тоқаштар тарту етіп, қуанышқа бөледі.
Шара барысында балалар да шыршаны айнала ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.