Интернет-алаяқтар пайдаланады: Алматыдағы жалдамалы пәтерге қылмыстық телефон станциясы орнатылған

Полицияның мәліметінше, Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде sim-box құрылғысымен жұмыс істеп келген 25 жастағы екі жігіт ұсталған. Sim-box құрылғыларын интернет-алаяқтар ел аумағында түрлі мессенджерлер арқылы қазақстандықтарға қоңырау шалу үшін пайдаланады.

«Адамдарды алдау үшін қылмыскерлердің белгілі бір елде болуы міндетті емес. Sim-box құрылғыларының болуы жеткілікті. Олар жергілікті ұялы байланыс операторларының интернет–трафигін қолдана отырып, жалған нөмірлермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді”, – делінген полиция хабарламасында.

Жедел уәкілдер пәтерді тінту кезінде әрқайсысы 32 слоттық төрт sim-box құрылғысын және қазақстандық ұялы байланыс операторларының 190 sim-картасын, бірнеше телефон мен ноутбуктарды тәркіледі.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 Stan.kz