Интернеттегі теріс діни ағымдардан сақ болыңыз
Алыста тұрып құрық салатын әдіс – интернет арқылы өздерінің арам пиғылына, теріс діни ағымына тарту. Бүгінгі күні бұл кең тараған тәсіл. Сайрам ауданының Ақсукент ауыл округінде ауыл тұрғындармен Ақсукент ауыл округінің полиция инспекторы М. Жетпісбаев, пудандық телог маманы А. Тажибаев «Интернеттегі теріс діни ақпараттардан сақтанайық» тақырыбында кездесу болып өтті.
Кездесу барысында учаскелік полиция инспекторы Жетпісбаев қазіргі уақытта теріс ағамдардың ақпарат құралдары арқылы, өзің теріс діни ақпараттарын насихаттап, қоғамның тыныштығын бұзуда, ҚР Қылмыстық кодексінің 174- бабы бойынша діни, ұлт аралық алауыздықтар тудырып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда және діни ақпарат бөлісуде өзге ағымдардың насихатынан сақтану керек екенін айтып өтті.
Ал аудандық телог маманы А. Тажибаев ұялы телефонға келген ақпаратты бөлісуде оның қандай сайт, қайдан, кіммен келгенін қадағалап, интернетті теріс ағымдардың ұстаздарынан сақтанып, ҚМДБ -ның имамдары мен теолог маманнан сұрау керек екенін айтып өтті.
Кездесу сонында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.