Инватакси қызметі тұрақты көрсетілуде
Инватакси қызметі мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының» 28 тармағына сәйкес ұсынылады.
28 тармақ. Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсетуге көрсеткіштер:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22 – ші бұйрығымен бекітілген оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектер үшін жестау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық айғақтар-жылына алпыс сағат 2015 жылғы қаңтар № 26, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 18-қосымшаға сәйкес бөлмелік және серуендеу кресло – арбаларымен қамтамасыз ету үшін медициналық айғақтар (бұдан әрі — № 44 бұйрық).
Бүгінгі күнге инватакси қызметі облысымыздың барлық аудандарында және Тараз қаласында 15 инватакси қызметінде 30 арнайы жабдықталған автокөліктер арқылы көрсетіледі. Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында инватакси қызметін көрсетуге 2022 жылы 173,8 млн.теңге қаралып, 1975 мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетілсе, 2023 жылға 2300 мүгедектігі бар адамды қамтуға 182,0 млн.теңге бөлініп, тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған бағыттағы жұмыстар басқарманың тұрақты бақылауында.
Жамбыл облыстық Жұмыспен қамту басқармасы