Инвестиция тартуда шулықтардың шоқтығы биік
Инвестиция – ел игілігіне. Бұны жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та баса айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеуді мықтап тапсырғаны белгілі. Ал елге инвестиция тартуда Жамбыл облысының шоқтығы әркез биік. Әсіресе аудандардың қосып жатқан үлесі толайым.
Мәселен Шу ауданында 2020 жылы іске асырылатын инвестициялық жобалардың тізбегі түзеліп отыр.
- Шу қаласы қант зауыты мөлтек ауданы аймағынан «ХОЗУ Агро Систем» ЖШС-нің «Қант қызылшасы мен қант құрағын өңдеу, қант және лимон қышқылын шығару» зауытының жобасы. Жобаның қуаттылығы: күніне 200 т. қант қызылшасын өңдеу. Іске асырылу мерзімі: 2020-2021 жылдар. Жобаның жалпы құны — 3 млрд. 500 млн. теңге (80% шетелдік қатысушы, 20% компания тарапынан қаржыландырылады). Жоба жүзеге асқан жағдайда 60 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.
- «Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылық ғылыми-инновациялық паркінің» инновациялық технологиямен жабдықталған 5000 дана жылыжай жобасы. Құны — 272 млрд. теңге. (800 млн АҚШ доллары) . Жылыжай күн сәулесінен (100 мегават) электр энергиясын алады және аталған энергия көзімен жылытылатын болады. Жылыжай комплексі құрылысын жүргізу және күн көзі (энергия) панельдерін орнату, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, тұқым шаруашылығы және бақ өсіруге «Dongchin Company» ЖШС-не Далақайнар ауылының жер қорынан 270,0 гектар жайылымдық жер учаскесі іздестіру жұмыстарына берілді. Жоба жүзеге асқан жағдайда 38 жаңа жұмыс орыны ашылады. Іске асыру мерзімі: 2020-2022 жылдар. Ағымдағы жылы құжаттарды рәсімдеу, іздестіру және ұңғыларды бұрғылау (бурение скважин) жұмыстары жүргізілетін болады.
2021-22 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалар келсек:
- «Qyzylsha» ЖШС-нің қант қызылшасы зауыты жобасы. Құны
80 млрд теңгені құрайды. Күніне 8000 т. қант қылшасын қабылдап, жылына 116 000 т. қант өнімін өндіреді деп жоспарлануда. Жоба іске қосылғанда 300 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда қант қызылшасын себуге 300 га жері дайын. Өткен жылы 700 млн теңгеге қажетті ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынды. - «KazWater Energy» ЖШС-не «Қазсушар» су қоры» жерінен гидроэлектр станциясының құрылысын жүргізу үшін алаңы 10,0 гектар жер учаскесі берілді. Қуаттылығы 5 МВт, жобаның құны — 1 млрд 861 млн теңге. Жоба іске қосылғанда 19 адам жұмыспен қамтылмақ.
Аталған жобалардың жалпы құны 435 млрд 397 млн теңгені құрайды. Жобалар іске қосылғанда барлығы 309 адам жұмыспен қамтылатын болады деп күтілуде.
Осы негізде бөлшек сауда тауар айналымы — 5040,8 млн. теңгені құрап, нақты индекс көлемі 110,0 пайызға орындалды, 2018 жылмен салыстырғанда 710,7 млн. теңгеге артып отыр.
Көтерме сауда айналымының көлемі — 5431,4065,3 млн. теңге, нақты индекс көлемі 205,9 пайызға орындалды. 2018 жылмен салыстырғанда 2935,7 млн. теңгеге артып отыр
Қаржы жүрген жерде қадаға қажет екені белгілі. Елге келіп жатқан мол инвестицияны енді тек ел игілігіне жаратуға қалып отыр. Бұл тұста шулықтардың жобалары көпке үлгі.
Төлен Дедек