ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 11 қаңтар күні ауданымызда облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек төрағалық еткен инвестициялық штаб отырысы өтті. «Тараз химия паркі» АЭА базасында ұйымдастырылған жиында инвесторлар тарту тәсілдері, мәміле мен мәселелер, мемлекет ұсынатын мүмкіндіктер жайы кеңінен талқыланды.Возможно, это изображение 13 человек
Әр ауданнан келген салалық орынбасарлар, кәсіпкерлік бөлімінің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдеріне облыс әкімінің кеңесшісі Дәулетқожа Мамыров семинар өткізіп, өңірге қаражат тарту турасында ақпарат ұсынды. Сондай-ақ жиынға арнайы шақырылған спикерлер де өз тәжірибелерін ортаға салып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Возможно, это изображение 1 человекАтап айтқанда, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының директоры А. Сағиев арнайы презентация жасады.Возможно, это изображение 8 человек
Одан бөлек, маңызды мәжілісте «Тараз Химиялық Паркі» АЭА басшысы Қ.Мұхамбетқалиев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының төрағасы Б.Исақов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының несиелеу бөлімінің басшысы Р.Абдуллаевтың, облыс әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Б.Күзембеков қатысты.
Жиын соңында қонақтар аумағы 505 га болатын АЭА-ны аралап, өндіріс орындарын көзбен көрді. Олар өнімдермен жақын танысу мүмкіндігіне ие болып, ауыл шаруашылығына қажетті гербицид түрлері, пластик құты, жіп және қаптарды өндіретін зауыттың аяқ алысын білді.