Инвестициялық штабтың отырысы өтті
Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар инвесторлардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды.
Нақтырақ айтсақ, «Korcem» ЖШС-нің бас директоры Станислав Щербаков «Жамбыл облысы Қордай ауданында жылдық қуаттылығы 1,2 млн. тонна цемент зауытының құрылысын жүзеге асыру жобасымен таныстырды.
Ал, «НұрХим» ЖШС-нің директоры Нұржамал Нұрманалиева аралас кешенді минералды тыңайтқыштар және киім тігін бұйымдары өндірісіне, «Qazaq Soda» ЖШС-нің бас директоры Ибраимов Рамазан кальцийлендірілген сода өндіру зауытының құрылысына қатысты мәселелерге назар аудартты.
Сондай-ақ, кәсіпкер Дамир Ташқараев су үнемдеу тезнологиясы бойынша өз жобасын ұсынды.
Аймақ басшысы аталған жобалар жүзеге асқанда ашылатын жұмыс орны, өндірілетін өнім көлемі және оның өткеру нарығы, түсетін инвестициялардың ауықымына айрықша көңіл бөлді.
Нұржан Нұржігітов жауаптыларға инвесторлардың ұсыныстарын жүзеге асыру мүмкіншілігін және тиімділігін жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Жамбыл облысы әкімдігі