Инвестициялық штабтың отырысы өтті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінде инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.

Басқосу барысында инвесторлар тау-кен металлургия саласын, агроөнеркәсіптік кешен және туризмді дамытуға қатысты жобаларын ұсынды.

Атап айтқанда, кездесуде тау-кен металлургия саласын дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеу, жол бойындағы заманауи кешендер ашу, суару жүйелерін шығаратын зауыт салу бойынша жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі